Второй международный творческий конкурс «Нур-Султан — город мечты» для детей, педагогов и воспитателей

 

Утренник «Ана-біздің гүліміз»

 

Версия для печатиВерсия для печати
 

Әбетова Гүлнұр Дарханқызы методист, стаж 6 лет, II категория, ТОО «ТООБОТАКАН» город Алматы

Утренник «Ана-біздің гүліміз»

Кіру: Безендірілген залға балалар қолдарына гүл ұстап кіру, шеңбер болып тұрады, іс қимылдар жасап, қатарға барып тұрады.

1) Құттықтау сөз: Құрметті ата-аналар, әжелер апайлар сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі аналар күнімен құттықтаймыз. Біздің бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалауға қош келдіңіздер! Бүгінгі «Ана — біздің гүліміз» атты ертеңгілігімізге ашық деп жариялаймыз.

Тәрбиеші: Балалар біз айналамыздан, табиғаттан қандай ерекшеліктерді, өзгеше құбылыстарды байқап жүрміз?

Балалар: Күн жылынып, ағаштар бүршік жарды, құстар жылы жақтан ұшып келді, малдар төлдеп көбейіп жатыр.

Тәрбиеші: Аналарымыздың мерекесіне қай мезгілде болады екен?

Балалар: Көктем мезгілінде.

Көктем туралы тақпақтар:

Алим
Көктем келді бүгін
Күнің төкті нұрын
Сайрап барлық құстар
Ән салуға құштар

Адина
Көктем келді күлімдеп
Жұрт қуанды дүрілдеп
Аспанда бұлт күркіреп
Жаңбыр жауды сіркіреп
Көктемде құстар сайрайды
Жерде гүлдер жайнайды
Айқайлап балалар
Мәз болып ойнайды

Ән: «Көктем қандай, көрікті»!

Би: «Көбелектер»

Тәрбиеші: Бүлдіршіндеріміздің әжелеріне арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Жанәділ
Менің әжем, ақ әжем
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем

Жәнібек
Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән беретін гүлім дайын
Әжетай сені жақсы көремін деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын

Ән: «Әже туралы»

Ойын: «Қарақұс»

Тәрбиеші: Енді кезекті, ән жырларымызды еркелетіп күнім дейтін ұрысқаны білінбейтін аяулы аналарымызға арнаймыз

Дамелі
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің
Ана деген әрбір үйдің жылуы
Ана деген гүлі туған өмірдің

Алия:
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет

Ән: «Ана туралы»

Би: «Бозжорға»

Ана туралы тақпақтар:

Арнұр:
Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

Рахман:
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен

Би: Барби

Мағауия:
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам!

Аңсат:
Ана өмірдің бұлағы
Ана өмірдің шырағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады

Ойын: «Өз аспабыңды тап»

Тәрбиеші: Балалар ойын өте қызықты болды, сендер өздеріңнің шапашаңдықтарынды көрсеттіндер. Біздің бүлдіршіндер ағылшын тіліндеде тақпақ, әндер айта біледі. Қабыл алыңыздар.

Ағылшынша тақпақтар: Амирхан, Самира, Эмиддин, Бибінұр.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Тәрбиеші: Құрметті аналар, бүлдіршіндердің сіздерге арнап жасаған сыйлықтарын ұсынамыз

Сыйлық тарату:

Би: Ритмика «Балдәруен»