Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

«Тартысқа толы Наурыз»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Сиргебаева Лаззат Тогайбаевна музыкальный руководитель. Темиртауский Политехнический колледж, г. Темиртау, Карагандинская область, Казахстан

«Тартысқа толы Наурыз»

Сайыстың мақсаты:

1. Студеннтерді ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтей білуге үйрету.
2. Оларды білімпаздық, адалдық пен ақылдыққа, парасаттылыққа және өз ойын жүйелі жеткізе білуге тәрбиелеу.
3. Еліміздің ертеңі мен бүгінін оқып-үйренуге, көп мәдениеттілікке, адамгершілігі мол адам болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, плакаттар, үлестірмелі материалдар.

Әдіс: жарыс-сайыс.

Жоспары:

І. Бөлім.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Жарыстың ашылу сәті.
ә) Жарысқа қатысатын топтармен таныстыру.
б) Әділқазылар алқасымен таныстыру.

ІІ. Бөлім. Жарыстың ашылу сәті.

1-бастаушы:
Құрметті ұстаздар мен студенттер!
Наурызым шат-думан көңіл тойы,
Жан берген тіршілікке өмір тойы.
Бүгінгі «Тартысқа толы Наурыз» атты сайысымызды бастаймыз. Қошаметпен қол соғып, тілекші екенімізді білдіріп қояйық!

(Жарысқа қатысатын топтар ортаға шығады. Оларды таныстырады).

1-бастаушы: Жарысқа қатысатын топтардың бір-біріне және өздеріне деген тілегін тыңдайық. (Әр топ өздерінің тілегін айтады).

ІІІ. Бөлім. Негізгі бөлім.

1-кезең «Сұрақ- жауап» деп аталады. 1 минут ішінде қысқа әрі нұсқа жауап беру қажет.

1-Топ

1. Қазақстанның астанасы?
2. Наурыз көжеге неше тағам қосылады?
3. Қыз ұзатылып бара жатқанда не айтылады?
4. ҚР-ның егемендігін алған жыл?
5. Асықты немен ұрады?
6. Келін кімді атымен атамайды?
7. Тудың авторы?
8. Алтыбақанды неше адам тебеді?
9. Бір ғана құлағында сырғасы бар қыз?
10. Тілашар қай кезде жасалады?
11. Ертеде қыздың мінезін қалай білген?
12. Көкпарға не тігіледі?
13. Той жыры қалай аталады?
14. Көктемнің алғашқы гүлі
15. Қазақ хандығына қанша жыл?

1-Топ

1. Жігіттің неше жұрты бар?
2. ҚР президенті кім?
3. Келінің бетін бірінші кім ашады?
4. Елтаңба авторы?
5. Киіз үйдің жоғарғы бөлігі?
6. Наурыз көжеге сүт қасылама?
7. Қазақтың ұлы ақыны?
8. Ең алғаш мектеп ашқан кім?
9. Қазақстанда адам саны көп аймақ?
10. Қазақ халқы нәрестені неге жатқызады?
11. Бала алғаш қадам баса бастағанда орындалатын салт?
12. Көктемнің алғашқы мерекесі?
13. Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл?
14. Күн мен түн теңілетін күн?
15. Қазақстан неше бөлікке бөлінеді?

1-кезең «Сыйқырлы сандық» деп аталады. Сандықта жасырылған сұрақтарға жауап береді. 1 дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Егер команда жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топ жауап беруіне болады және олар өз еншілеріне 10 ұпай еншілейді.

1-кезең «Алфавит» деп аталады. Бұл кезенде алдарыңызға әріптер беріледі. Сол әріптен басталатын сөзбен сұрақтарға жауап беру керек. Екі топ сұрақтарға өз әрібімен жауап береді.

1. Наурызды қалай қарсы аласың?
2. Патша жас неше жыл?
3. Ер кісінің бас киімі?
4. Ұзатылатын қыздың басына не кигізеді?
5. Қызыл түске боялған асық қалай аталады?

6. Шаңырақ пен керегені не қосады?
7. Келген қонаққа берген сый қалай аталады?
8. Наурыз мерекесінде көріскенде не істейді?
9. Кимешекті кімдер киген?
10. Наурызды кіммен қарсы аласың?

1-кезең «Жаны бар әріп» деп аталады. Сұрақтар қойылады сол сұрақты айтып емес берілген әріптермен жаубын құрастырасыздар. Орын ауыстыруға болыды.

1-топ: А, Б, Т, Ы, З, Й, М, О, С, Қ.

1. ...хаңның қасқа жолы (ҚАСЫМ)
2. Ер кісілердің қалың бас киімі (ТЫМАҚ)
3. Қорқыт атаның музыкалық аспабы (ҚОБЫЗ)
4. Ақындар тартысы қалай аталады (АЙТЫС)
5. Қой баласы (ҚОЗЫ)
6. «Лесница» сөзінің қазақша аудармасы (САТЫ)
7. Менің ...Қожа (АТЫМ)

2-топ: А, Р, Қ, А, Н, Ө, І, К, Е, Б.
1. Балуандар күш сцынасатын жіп (АРҚАН)
2. Қыз келіншектердің бас киімі (БӨРІК)
3. Ою... (ӨРНЕК)
4. Судада, жердеде мекендейтін тарбақтаған жануар (БАҚА)
5. Шайтан суы (АРАҚ)
6. Үлкен қариялардың кішілерге жиі айтатын сөзі ...нің өссін (ӨРКЕН)
7. Әнші Нұржановтың аты (ЕРКІН)

1-кезең «Көрініс айдары» деп аталады. Көрініс айдарында берілген тақырып бойынша көрініс құрасыздар оған уақыт беріледі әнші қызымыз әнін аяқтағанда көрініс дайын болу керек.

(Ән орындалады «Наурыздың ән шашуы»)

Әннен кейін көрініс тамашаланады.
Әділқазы сайыстын қорытындысын шығарады, жанімпазды жариялайды.
Бүгінгі сайысымыз осымен тамам, бірақ мереке соңы жастар биімен жалғасады.

Категория: