Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Тахтаброд Орта мектебі Ғ.Мусрепов
атындағы ауданы СҚО
Қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалім:
Мустафина Гулнар Карбасовна

Тақырыбы: «Үй жануарлары» | Фото с сайта faktzafaktom.ru

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың үй жануарлары туралы алған білімдерін тексеріп,бекіту.

2. Тәрбиелік: Төрт түлік малдың пайдасын түсіне отырып, сыйлауға,құрметтеуге,бағалауға үйрету.

3. Дамытушылық: Грамматикалық тапсырмаларды орындай отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту, ауызша сауаттылығын арттыру, суретпен жұмыс арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын байыту, өзара қарым қатынасын жақсарту.

Сабақтың түрі: ашық сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру, әңгіме, сын тұрғысынан ойлау әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, суреттер, сабақ ережесі, сызба, слайдтар көрсету.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

1. Амандасу.

2. Түгендеу.

3. Сабаққа жұмылдыру.

4. «Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабаққа қымбатты қонақтар,ұстаздар келіп отыр. Қош келдіңіздер!»

—  Бүгінгі тақырыбымыз «Үй жануарлары» бекіту сабағы.

5. Оқушыларға мақсат қойғызу.

—  Балалар бүгінгі сабақта алдарыңа қандай мақсат қойып отырсыңдар? Сабағымыздың мақсатын ашып алайық? Мен мақсаттарыңа жетулеріңе тілектеспін.Сабағымыз жақсы өтсін.

6. Сыныпты топқа бөлу:

    1-топ: Қамбар ата ауылы.
    2-топ:Ойсылқара ауылы.
    3-топ: Зеңгібаба.

7. Сабақтың ережесімен таныстыру:

  1. Бірін-бірі тыңдау
  2. Ойын ашық айту
  3. Сабаққа түгел қатысу
  4. Ұйымшыл болу
  5. Уақытқа бағыну

8. Сабақтың кезеңдері

    І. Ұйымдастыру кезеңі
    ІІ. Өткенді еске алу кезеңі
    ІІІ. Үй жұмысын тексеру (Тіл дамыту кезеңі)
    ІV. Бекіту кезеңі
    V. Сергіту кезеңі
    VI. Өз беттерінше жұмыс
    VIІ. Қорытынды кезең
    VII. Бағалау

ІІ. Өткенді еске алу кезеңі:

    1. «Жазғытұрым» өлеңін мәнерлеп оқу.
    Ой,балалар,балалар!
    Жылы-жылы жел соқты,
    Жылғалардан су ақты.
    Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті.
    Жер қарайды-жаз кепті.
    Желкілдейді көк майса.
    Желіндейді мал жайса.
    Ауыл көшті қыстаудан,
    Әне, апамдар қой сауған, — деп, Ілияс
    Жангүгіров атамыз жырлаған екен.

2. Өлең мазмұнын ашу.

—  Қандай жыл мезгілі айтылған?

—  Көктемде не оянады? Табиғатта қандай өзгерістер болады?

—  Үй жануарлары не істейді?

ІІІ. Үй жұмысын тексеру:

(Тіл дамыту сәті)

1. «Үй жануарларының айтысы» көрінісі.

2. Үйге берілген өлеңдерді жатқа айтқызу.

ІV. Бекіту кезеңі:

1. Сөздік жұмыс.

(Сөзжұмбақ арқылы жаңа сөздерді тексеру).

2. Тақтамен жұмыс.

    1-топ: «Түйе» сөзін септе.
    2-топ: «Жылқы» сөзін тәуелде.
    3-топ: «Бұзау» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

4. «Не істейді?» ойыны (жарыс)

    1-топқа: Жылқы (не істейді?) ....
    (құлындайды, кісінейді)
    2-топқа: Түйе (не істейді?) ....
    (боталайды, боздайды)
    3-топқа: Сиыр (не істейді?) ....
    (бұзаулайды, мөңірейді)

Y. Сергіту кезеңі

Жарыстың қорытындысы ретінде, «Достық жеңді» деп «Қарындас» әнін шырқайық.

YІ. Өз бетінше жұмыс

(3 топта)

Кітаппен жұмыс. Топтың атын қорғау.

    1-топ:
    —  Жылқының төлін қалай шақырады?
    —  Жылқының пайдасы қандай?
    2-топ:
    —  Түйенің төлін қалай шақырады?
    —  Түйенің пайдасы қандай?
    3-топ:
    —  Сиырдың төлін қалай шақырады?
    —  Сиырдың пайдасы қандай?

—  Балалар, яғни,төрт түлік мал адам үшін ішсе сусын, жесе тамақ, кисе киім, мінсе көлік.

—  Үй жануарларына байланысты қандай тыйым өздерді білеміз?

—  Қазақ халқының өмірі ертеден малмен айланысты болған. Малды құрметтеген, мал күтуді қасиетті іс деп білген.

YІІ. Қорытынды:

—  Ал бізге төрт түлік мал бізге не береді?

(тақтаға жазу)

    тері
    жүн

Төрт түліктен не аламыз?

    ет
    сүт

YІІІ. Бағалау

Категория: