Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: Математика және өмір

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Рыскулова Анархан Омирбаевна учитель математики, стаж 31 год, высшая категория КГУОШ № 82 город Алматы

Тақырыбы:  Математика және өмір

Математикалық кеш

I. Ұйымдастыру бөлімі
Ұйымдастыру комитетінің құрамы

II. Кештің барысы.
Кеш басқарушыларының сөздері

III. Баяндама.

1. Кеш туралы кіріспе сөз (математика пәнінің мұғалімі 3 мин)
2. Математиканың даму тарихы (баяндамашысы 11-сынып оқушысы Ғаппар Рабиға)
3. Ұлы математиктер (баяндамашы 11-сынып оқушысы Бегімбетова Дина)

IV. Монтаж.

Математика тарихынан (5-сынып оқушылары)

V. Түрлі ойындар.

1. эстафета (10 мин)
2. викторина (10 мин)
3. нөл, квадрат, дөңгелек, нүкте

VI. Қорытынды.

1.Төрайымның сөзі.
2.Кеште белсенділік көрсеткендерге сыйлықтар беру, біріншілік жариялау (сыныптар біріншілігі, жеке оқушылар біріншілігі) Төрешілір алқасы (15 мин)

1-бастаушы

Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Кешімізді бастаймыз.
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық.
Математика
Құрметтеуге ылайық,
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебіңіз дүние кілті әліде.

2-бастаушы

Математика — ермек емес балалық,
Математика — көрегендік даналық.
Космос деген ракеталар дәл бүгін
Ешкімге де емес таңсық жаңалық!

Баяндама «Математиканың даму тарихы»

Баяндамашы 11-сынып оқушасы Ғаппар Рабиға

Баяндама «Ұлы математикер»

Баяндамашы 11-сынып оқушысы Бегімбетова Дина

Әдеби — музыкалық монтаж

Математика тарихынан (5-сынып оқушылары)

1. Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2. Ұзақ ұйықтап тұмса тұз бесігінде,
Естімеппін Архимед есімінде.
Жерді қозғау қиялы былай тұрсын,
Жемісі де тимепті несібіме.

3. Кім білмес Сиракузы ақсақалын,
Күн сүйіп, жел желпіген ақ сақалын?
Ол-ортақ, адамзатқа жаттығы жоқ,
Белгісі-адамшылық жақсы атаның.

4. Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік архимедті басып озған?
Жалынды патриот, батыр ғалым,
Ғасырлар түпкірінен қолын созған.

5. Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.
Жансызға жан бітіріп, жолға салып,
Сиракузы ақсақалы көрсетті елге.

6. Бұл жерде танысасың Архимедпен,
Кемеңгер ол философ әртінде өткен.
Кездесесің дәл осындай тағыда бір
Ғылыммен жер жаһанға білім еккен.

7. Архимедпен Пифагор айтқаным бұл,
Талаптанып білімге зейінің бұр.
Таудан аққан өзендей сарқыратып,
Ғылым жасап төбеден төкті олар нұр.

8. Судай тасып әр биік белден асқан,
Дүниеге сан алуан өнер шашқан,
Білім алып солардың жолын қуған,
Әрбір адам өмірде өрге басқан.

9. Тар заманда бұлт торлаған,
Одағымнан шалғайда шет.
Сиракузасын жыл қорғаған
Батыр ғалым Архимед.

10. Соғыстың қажет жарағын,
Ол өзі ойлап шығарған.
Ақылымен дананың
Қорғанып қала тұра алған.

11. Архимед айтыңызшы тірі емеспе?
Сүйікті ұстаздардың бәрә емеспе?
Данышпан математик, ұлы азамат,
Жастардың білім қуған пірі емеспе?

12. Марцельдің өлімтігі қайда қалды?
Ит мүжіп домаланып сайда қалды.
Архимед салып кеткен шар суретті,
Әуелеп ракетамен айға барды.

13. Сүңгіуір қайықтарым шарлап келді,
Жау шебін сақтық үшін шарлап келді.
Заңымен Архимедтің жерді айналып
Табысын ел-жұртына арнап келді.

14. Өмірі-теорема дәлеліндей,
Кітабы-кейінгіге сәлеміндей.
Ардагер Отан үшін құрбан болған,
Даңқы өшпес Карбышевім Жәлелімдей.

Эстафеталық ойындар

1. Тақтада жазулы тұрған формуланың сан мәнін есептеу үшін оқушы белгілі қашықтықтан табан астында жатқан қағазды жылжыта отырып жетуі керек. Қайсы оқушы бұрын аяқтаса, сол оқушы жеңеді.

Викториналық сұрақтар

1. Қай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0 саны)

2. Қандай үшбұрыштың биіктіктері оның бір төбесінде қиылысады? (тік бұрышты үшбұрыштың)

2. Тік бұрышты үшбұрышты шешуге арналған теореманы ашқан математик? (Пифагор)

3. Геометрияның негізін қалаушы грек математигі (Евклид)

4. Координаталар системасын жасаған математик (Декарт)

6. Бір саннан 5-ті азайтып, оны екіге бөлдім. Оны беске көбейткенде 25 саны шықты. Мен қандай сан ойладым?

7. 5-ке бөлінгіштіктің белгісі.

8. 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілері.

9. Ежелгі арабтар цифрларды қалай жазған?

НӨЛ:

Мен бір санмын ғажайып,
Көбейемін, азайып.
Өзге саннан сен мен
Шегер мейлі қос мейлі,
Кемімейді, өспейді.
Ал сол санның соңына

Тіркей салсаң жай ғана
Қарық болып қаласың.
Мықты болсаң егер сен
Санды нөлге бөліп көр.
Жіп өткізіп мұрныма,
Сүйресеңде баспаймын.

Көбейтілсем мен санға,
Демек көлшік көл екен.
Миллиард болып кетсеңде
Мына өзімдей нөл етем.

КВАДРАТ:

Мен квадратпын,
Бар сырым
Төрт бұрышым түгел тік,
Қиғашыңа қарсымын
Барша заттың аумағын
Меніменен өлшейді.
Үй салсада ар жағын
Маған қарап өлшейді.
Бір құпиям бар тағы
Елеңдеме «ол не» деп,
Менімен тең ауданы
Табылмайды дөңгелек.

Дөңгелекке:

Өмірің сенің қызық
Жолыңда жоқ түзу сызық.
Басы да жоқ, аяғы
Бір айналым баяғы.

ДӨҢГЕЛЕК:

Мені көр де, жерді көр,
Қозғалыстың көкесі
Айналыстан туады
Планеталар бір-бірін
Шыр айнала қуады.

НҮКТЕ:

Мен нүктемін, нүктемін.
Көлемім жоқ түк менің
Салмағым бар бірақ та
Білдіремін әр уақытта
Сөзбен істің біткенін.
Жерден күнді қарасаң,
Нүкте болып көрінер.
Күннен жерді қарасаң,
Нүкте болып көрінер.
Қатар-қатар тізілсем,
Бір жерде мен үзілсем,
Енді бірде жалғаймын
Дәнекермін, сынамын.

Категория: