Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Шығыстану ғылымының «құйрықты жұлдызы» — Шоқан Уәлихановтың тұлғасы — орыс ғалымдарының хатынан

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Петропавл қаласы «Қасиетті Сергий Радонежский құрметіндегі орта мектеп» жеке меншік мекемесінің 1санатты қазақ тілі мұғалімі Ислямова Шайзат Қабешқызы Ислямова Ш.Қ.

 

9 сынып Қазақ әдебиеті

 

Сабақтың мақсаттары:

  • Білімділік: Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы айтып білім беру.
  • Дамытушылық: эпистолярлық жанр туралы түсінік беріп, сөйлесу дағдысын қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: ғылымның қалдырған мұрасы арқылы оқушыларды таныстыра отырып, мақтаныш, құрмет сезіміне баулу.

Сабақтың көрнекілігі: портреттер, оқулық, сызба, кластер, суреттер.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті, қазақ тілі, география.

Сабақтың эпиграфы: «Қазақ мәдениетінің көгіндегі аса ірі жарық жұлдыздың бірі — Шоқанды уақыт ұмыттыра алмайды, ол бізден қанша алыстаса да, жарығы мен сәулесін бәрімізге бірдей түсіреді». (Ә.Дербісәлі)

Кітап көрмесі:

  • С. Бегалиннің кітабы, «Ш.Уәлиханов».
  • С.Мұқанов, «Аққан жұлдыз», «Промелькнувший метеор».
  • Шоқан Уәлиханов «Таңдамалы шығармалар».
  • И.Стрельцова «Шоқан», ЖЗЛ, «Шоқан Урәлиханов»

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабақтың құрылысымен, мақсатымен таныстыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру: тест бойынша.

3. Жаңа сабақ:

А) Мұғалімнің сөзі:

— Балалар, Шоқан Уәлиханов қыр қазағының ішіндегі нағыз ақсүйек, ол үш жүздің басын қосқан Абылай ханның шөбересі. Бүгін сабақта біз ғалым туралы мәлімет аламыз. Сол үшін оқулықпен тығыз жұмыс істеп, оқығанды талдаймыз. Қазір алдарыңда жатқан сызба кластер арқылы Шоқан Уәлихановтың кім екенін дәлелдеп айтып бересіңдер.

(Әр партадағы кластер сызба арқылы Ш.Уәлихановтың өмірбаянын айтып береді. Кластермен 3-4 бала жұмыс істейді, оларды балалар тыңдап болған соң мұғалім сұрақ қояды.)

Әңгімелерің жүйелі болу үшін қағаздағы таблицаны алдымен қайсын бұрын айтасыңдар, нөмір қойып алыңдар.

Мәтін

«Көкшетау өңіріндегі Сырымбет тауының бауырында 1853 жылы дүниеге келді. Омбыда кадет корпусында оқыды. 1857 жылы Батыс Қытай — Қашқарияға баратын Ресей үкіметі үлкен экспедициясын басқару Ш.Уәлихановқа тапсырылды. Омбы генерал — губернаторы кеңесінде қызмет ете жүріп, оңтүстік Қазақстанға, Қырғыз еліне, Қытайға жасаған бірнеше экспедицияларға қатысады. Қазақтың, Шығыс халықтарының әдебиетін, мәдениетін, тұрмыс — салтын зерттейді. «Шоқан Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығыс зерттеушісі, ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халықтарының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді», — деп И.И.Веселовский жазды.

2. Сұрақ — жауап бойынша жұмыс:

  1. Шоқанның шын аты кім?
  2. Шоқан деп оны кім атаған?
  3. Шоқан деп тағы кімдер атаған?
  4. Оның достары кімдер?
  5. Әйгілі географ Семенов-Тяньшанский Шоқан туралы не жазды?

(оқулықта)

4. Пысықтау. Әдебиет теориясының ұғымын беру, (дәптерге жазу).

Эпистолярлық жанр — хат жазу өнері. Хат арқылы адамдар бір — біріне өздерінің көңіл — күйін, сезімін, ойын, арманын, немен шұғылданып жатқанын жеткізіп отырған.

  1. Оқулықпен жұмыс («Қазақ әдебиеті», оқулық, 27 — бет)
  2. Хаттарды оқу, түсіну, талдау.
  3. Бұл эпистолярлық жанрда жазылғанын дәлелдеу.
  4. Сұрақтармен жұмыс. Әңгімелесу.
  5. Бұл шығармалардың идеясын анықтау.

Хатты талдау

1. Бұл хат неше бөліктен тұрады?

2. Бірінші хат бөлігінде Ф.Достаевский Шоқанға өз сезімін білдіреді.

3. Екінші хат үзіндісінде жазушы Шоқанға ғашық болғаны туралы жазады.

4. Үшінші хат үзіндісінде автор ғалымның еңбектеріне назар аударады.

Бұл хат эпистолярлық жанрда жазылған. Себебі, шығарманың ең алдында сәлемдесуі бар, ғалымға өз сезімін білдіреді, өзінің Шоқанға деген қарым — қатынасын, көңіл — күйі туралы жазды. Өзінің оған деген сүйіспеншілігін көрсетеді.

Сұрақтар:

— Бұл хатты кім жазған?

— Ф.Достаевский Шоқанға қандай көңіл білдіреді?

— Бұл хатта Шоқан туралы біз не білдік?

— Ол қандай адам?

— Бұл хаттың идеясы қандай?

Бұл хаттың идеясы достықты сақтау, сол үшін жиі хат жазып бір — біріне ақыл ойларымен алмасу, кеңесу, бір — біріне жылы сөзбен көмек көрсету.

5. Бекіту.

— Ш.Уәлиханов туралы кімдер жазған?

— Ш.Уәлиханов туралы И.И.Веселовский, Г.И.Потанин, Орыс географиялық қоғамы жазған.

— Олар Шоқан туралы не деп жазған? (27 — бет, оқулықтан оқытқызу)

— Біздің қаламызда Шоқан Уәлиханов атында нелер бар?

— Шоқан Уәлиханов атында көше, ескерткіш, бар. Мұражайда Ф.Достаевский мен Шоқан Уәлихановтың барельефі бар. Облысымызда, Шоқанның туған жерінде Сырымбетте мұражай бар. Шоқан Уәлиханов атында аудан бар.

6. Қорытынды.

— Сонымен, балалар, Шоқан — Мұхаметханафия, қазақтың қандай тұлғасы болды?

Шоқан Уәлиханов

7. Бағалау.

8. Үй тапсырмасы.

  • 1 — деңгей. «Ыстық көл жазбаларынан», 28 — бет, оқу. 2 — деңгей. «Егіншілік туралы», 29 — бет, оқу, әңгімелеу. 3 — деңгей: Киіз үй, 31 — бет, оқу, әңгімелеу, киіз үй бөлшектерін дәптерге жазу, жаттау. Мазмұнын айт.
Категория: