Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы «Жыл мезгілдері»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Баумағанбетова Зәмзәгүл Қойлыбайқызы. Новоишим қазақ орта мектебі Ғ.Мусрепов атындағы ауданы

Технологиялық карта

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері.

Сабақтың типі: Білікпен дағдыны меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас, саяхат сабағы. (әдебиеттік оқу, ағылшын тілі)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

1.Оқушылардың өздеріне тұжырымдар жасатып, өз ойларын дәделдеуге төселдіру, танымдық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік жасау.
2. Жыл мезгілдері өлеңінің мазмұнын аша отырып, жыл мезгіліндегі өзгерістерді сипаттау.

Тәрбиелігі:

1. Оқушыларды тиянақтылыққа, сауаттылыққа, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, мәдениетті, әдемі сөйлеуге үйрету.
2. Жыл мезгілдерін салыстыру барысында табиғатты сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы:

1. Модулдік оқыту ойындары арқылы оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Ой қозғау. 5 мин.
2. Негізгі тірек білімді қалыптастыру, жинақтау. 3 мин.
3. Оқушыларға білімділік қабілеттерін жүргізу тәсілдерін меңгерту.12 мин.
4. Оқушылардың жүргізген өздік жұмыстарын бақылауға алу өзі өзін тексерту.15 мин.
5. Іс әрекеттерін, абайын байқау. 5 мин.
6. Сабақтың қорытындысын жасау.5 мин.

Оқыту әдістері: Түсіндіру, талқылау, көрсету, әңгімелеу, ұжымдық, топпен жұмыс,өзіндік жұмыстар, ізденіс әдістері, ауызша сұрау, қайталау әдісі, салыстыру, мақтау, көтермелеу, мадақтау әдісі.

Оқыту құралдары: Презентация «Жыл мезгілдері» слайдтары, жұмбақтар, мақалдар жазылған слайдтар, көмекші карточкалар, деңгейлік тапсырмалар, коллаж құрастырма суреттері, бағалау парағы, фишкалар.

Оқыту түрі: негізгі

Сабақтың құрылымы

Сабақтың барысы

Әдістері

1. Ұйымдастыру

кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Балалар, бүгін біз сабағымызда көп жұмыс түрлерін жүргіземіз. Негізгі мақсат: тереңірек білім алу, үйрену.

 Білім кімдерге керек?

 Қандай уәде бересіңдер?

«5» болсын алар бағамыз

Біліммен бақыт табамыз

Ана тілін білмесек

Бәріміз ұятқа қалармыз.

Кәне, ендеше сабағымыз жақсы өтсін деп, бір бірімізге сәттілік тілейік.

1. «Аукцион» оқыта үйрету ойыны.

Өткен материалдарға шолу.

10 20 30

30 10 20

20 30 10

(сұрақтарға деңгейі бойынша сандарды таңдап жауап береді)

Ой қозғау.

Презентация «Жыл мезгілдері»

көрсетіледі (музыка)

Мақсаты: бүгінгі сабақтың тақырыбын табу.

Әңгімелеу

2. Негізгі тірек білімді қалыптастыру жинақтау.

«Миға шабуыл»

 Жыл мезгілдерін ата.

 Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

 Жаз айларын ата.

 Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

 Күзде қандай мерекелер бар?

Қайталау

3. Топпен жұмыс

 

 

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Жыл мезгілдері» деп аталады.

Жыл мезгілдеріне саяхатқа шығамыз.

Түсіндіру

 

 

 

1-аялдама

Қыс мезгілі: Антарктида (стюардесса-ағылшын тілі)

Қыс мезгілінің тапсырмасы:

 Оқулықпен жұмыс.

 Автормен таныстыру (слайд)

 Дәптермен жұмыс.

Ізденіс әдістері

 

Өзіндік жұмыстар

 

«Тірек белгілер» оқыта үйрету ойыны

1-топ. өлеңнің 1-ші шумағын тірек сызбамен конспектілеп, әңгімелейді.

2-топ: өлеңнің 2-ші шумағын тірек сызбамен конспектілеп, әңгімелейді.

3-топ: өлеңнің 3-ші шумағын тірек сызбамен конспектілеп, әңгімелейді.

Шығармашылық жұмыс

 

4. Сергіту сәті «Астана» биімен

2-аялдама

Көктем мезгілі: Қазақстан-Астана (стюардесса)

Көктем мезгілінің тапсырмасы:

1-топ: 5 жолдық өлең құрастырып

жазу. (эссе)

2, 3-топ: Көрініс көрсету.

«Көктем сәні»

3-аялдама

Жаз мезгілі: Африка (стюардесса)

Жаз мезгілінің тапсырмасы: (коллаж)

1-топ:

Жаз мезгілін бейнелеп, әңгімелеу қорғау.

2-топ: Күз мезгілін бейнелеп, әңгімелеп, қорғау.

3-топ: Қыс мезгілін бейнелеп, әңгімелеу, қорғау.

(Жыл мезгілдеріне байланысты Абай

Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа айту.)

Ауызша сұрау

5. Білімді тиянақтау.

Бағалау

4-аялдама Күз мезгілі

Күз мезгілінің тапсырмасы:

1. Жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтар шешу.

2. Мақалдар жарысы.

 

6. Қорытынды

Үйге тапсырма

Әр топтың топбасшысы бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалайды.

«Өздеріңді қай сатыға қоясыңдар?» (білімді тиянақтау) Тілек . (қонақтарға гүл сыйлау)

Үй жұмысы: «Жыл мезгілдері» өлеңін жаттау, сурет салу.

 

Категория: