Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Жұмыс. Қуат. Энергия»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Акмагамбетова Ғалия Қажымұқанқызы, физика пәні мұғалімі, ІІ санатты, Ақмола облысы Көкшетау қаласы «№ 18 орта мектебі»

Акмагамбетова Ғалия Қажымұқанқызы

Сабақтың білімділік мақсаты: тарау бойынша жұмыс, қуат, энергия ұғымдарын пысықтау. Физикалық шамаларды сатылай кешенді талдау.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен ынталарын арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: шапшандыққа, есеп шығарғанда нақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдістері: тәжірибелік жұмыс, есеп шығару.

Көрнекілігі: штатив, массасы 100 г шар, сызғыш.

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатын айту, зейіндерін сабаққа аудару. Балалар бүгінгі көңіл күйлерін қандай тамаша! Ендеше сабақты бастайық. Бүгін білім күшін көрсетіп, жұмыс, қуат, энергия тарауын қайталаймыз. Сондықтан барлықтарына сәттілік тілеймін. Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз.

ІІ. Сабағымызды есте сақтау қабілетімізді жаттықтырудан бастаймыз

Берілген өрнектерді есте сақтап аламыз.

1-сурет

Ал енді дәптерлеріне естерінде қалған өрнектерді жазындар. Жазып болсақ, кім қанша өрнек жазды? Өте жақсы! Мына көрсетілген өрнектердің ішінде бүгінгі сабағымызға қатысты өрнектер бар ма? Бар болса қандай?

ІІІ. Тарау бойынша жұмыс, қуат, энергия ұғымдарын пысықтау:

1. Күш дегеніміз не?
2. Дененің атқарған механикалық жұмысы деп нені айтамыз?
3. Қуат ұғымы нені білдіреді?
4. Энергия деп нені айтамыз?
5. Энергияның түрлерін ата?
6. Потенциалдық энергия дегеніміз не?
7. Кинетикалық энергия деп нені айтады?


2-сурет

ІV. Энергия, қуат, жұмыс шамаларын сатылай кешенді талдау

3-сурет

V. Бұл сабақтың сұрағы,
Көпшілікке ұнады.
Көп нүктенің орнында
Қандай шама тұрады?

Физикалық диктант орындаймыз.

1. Тек қозғалыстағы денелер ғана.............................. қабілетті.

2. Денелердің істеген жұмысы сол денелердің ..................................... тәуелді.

3. Күштің түрлері:.........................................................

4. Дененің жерге тартылуы салдарынан пайда болатын күш....................................

5. .................... жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама.

6. Дененің кинетикалық энергиясы оның .......................... және........................ квадратына тура пропорционал.

VI. Есептер шығару

Өзімізді нақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу үшін есептер шығарайық.

1-есеп.

Тікұшақ жерден 2 шақырым биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200м/с болады. Егер оның массасы 2 тонна болса, жермен салыстырғанда механикалық энергиясы неге тең?

2-есеп.

Қуаты 5 кВт двигатель 30 минут ішінде қандай жұмыс істейді?

4-сурет

Екі оқушы тақтада есеп шығарғанша, қалғандарымыз карточкалық тапсырма орындаймыз.

1-нұсқа:

1. Адам 60 Дж қалыпты жұмысты 15с та орындады. Адамның қалыпты жұмыс
жасағандағы қуаты нешеге тең?

2-нұсқа:

1. Егер машина маторының тарту күші 20Н тең болса, онда ол 10с қанша жұмыс
атқарады?

VIІ. Сергіту сәті

Біз көп жұмыс жасадық серігіп алатын кез келді!

Қазір біз молекулалар болып молекулалардың қозғалысын жасаймыз.

VIІІ. Жұмыс сөзіне грамматикалық талдау

Зат есім — не? — жұмыс.
Сын есім — қандай? — жақсы, жаман.
Етістік — не істелді? — жұмыс істелді.
Сан есім — қанша? — 120 Дж.

ІХ. Келесі физикалық шамалардың өлшем бірліктерін көрсет

Күш                     м/с
Қысым                 Н
Жылдамдық         Па
Үйкеліс күші        м 2
Аудан                  с

Х. Өрнектін сәйкесін тап

5-сурет

ХІ. Тест тапсырмасын орындау

6-сурет

ХІІ. Бағалау.

ХІІІ. Қорытындылау.

ХІV. Үйге тапсырма.

Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат. Энергия. Денелердің кинетикалық және потенциалдық энергиялары. (оқу) 37-жаттығу. 3-есеп.

Категория: