Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың 60-70 жылдардағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Исжанова Наргуль Мукатаевна, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Ахмет ауылы, «Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің» жоғары деңгейдегі бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі

Исжанова Наргуль Мукатаевна

Орта мерзімді жоспар

Пән: Қазақстан тарихы

Сынып: 8 қазақ сыныбы

Смотреть в формате PDFСмотреть в формате PDF

Пән: Қазақстан тарихы

Сынып: 8 қазақ сыныбы

Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың 60-70 жылдардағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі

Сабақтың мақсаты: Сабақтың сонында оқушылар қазақ халқының азаттық күресі туралы баяндай алады.

Смотреть в формате PDFСмотреть в формате PDF

Рисунок 1
Рисунок 2

1) басқарушылары әр таптан                                                                1) Себептері бірдей
2) көтеріліс болған жылдар                                                                   2) Негізгі көзғаушы күштері бір
3) Билер, Султандар өз мүдделерін ойлады                                          3) Жеңілу себептері бір
4) Көтерілісті басуді Кавказ билеушілеріне жүктеді                                4) Сипаты бір

Исжанова Наргуль Мукатаевна

Рефлексивтік есеп

Сәлемдесу кезінде үшінші сабаққа біршама шаршаңқырап келген оқушылардың жүздерін бір шолып өтіп көтеріңкі көңіл күй қалыптастыруға тырыстым. Бүгінгі сабақта 12 бала — оқушылар түгел. Үй тапсырмасының орындалуын тексеруге кірістім. Дәптерлеріне қиындық туғызған сұрақтарды жазды. 32 сөзден тұратын әңгіме құрастыру кезінде топпен отырған оқүшылар бір бірімен пікір алысты. Ешқай оқушы шет қалмауын қадағаладым. Екі топтың құрастырған әңгімелері тыңдалып болған соң, көлемін 12 сөзге дейін қысқартылған нұсқасын жасауға 2 мин бердім. Осы жұмыс барысында алдында қйындық туғызған сұрақтарды назардан тыс қалдырмай, жауабы табылған сұрақтарды оқушылар сызып тастап отырды. Соңында оқушылардың дәптерлерінде түсініксіз сұрақтар қалған жоқ — дидактикалық сәт мақсатына жетті. Жаңа тақырыпқа көшер алдында қысқа ғана сергіту сәті орынды болды. Шаттық шеңберде оқушылар бір бірімен амандасудың алуан түрлі әдістерін ойдан шығарып қимылдап, бір жадырап қалды. Сергіту сәті барысында оқушылар кездейсоқ ретпен екі топқа бөлінді.

Тақтаға бүгінгі тақырып жазылды. Оқушылардың сабақ басындағы осы тақырып туралы түсініктеріне тақтада ілінген Блоб ағашы көмегімен өлшеу жүргіздім. Оқушылар стикерлерін ағаштың орта, ортадан төмен деңгейіне орналастырыпты. Мақсатым: осы нәтижені сабақ соңындағы дәл осы өлшеуіш арқылы алынатын нәтижемен салыстыру.

Оқулықтағы ақпаратты топтарда біреулері оқып екіншілері тыңдап ұққандарын талқылау арқылы ой елегінен өткізіп, кластер түрінде бейнеледі.. Кластер стратегиясын оқушылар толық меңгермегендігіне назар аудардым. Ой тізбектері ретсіз әрі шашыраңқы. Топтарға тақалып, ашық сұрақтар қою арқылы ойларын бағыттауға тырыстым. Ең бастысы, олардың белсенділігі қуантады. Көш жүре түзеледі.

Венн диаграммасы арқылы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер мен Маңғыстаудағы 1870 ж көтерілістің ерекшкліктері мен ұқсастығын бейнелеу тапсырмасы оқушылардың функцианалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді құрал екендігіне көзім жетті. Осы жұмыс барысында оқушылар сабақ барысында алған ақпаратты тәжірибеде қолдануға тырысты. Қызу пікірталас барысында қорытылып шыққан жазулар аз да болса ақпараттық құндылығы жағынан мен үшін баға жетпестей болды. Жоғарыда айтылғандай Блоб ағашы осы жолы оң нәтиже көрсетті, яғни стикерлер ағаштың басынақарай көтеріліп кеткен. Сабақ тиімділігін бағалаудың осы тәсілі қолайлы.

Категория: