Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Дала»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Ардақ Сейілбекқызы Сыздықова, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалемі, екінші санаптті қазақ тілі пәнінің мұғалемі , «Н.К.Крупская атындағы №10 орта мектеп» КММ, СҚО қ. Петропавловск.

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Дала»

Сабақтың мақсаты: С.Сейфуллиннің өмір жолы мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру. Оның «Дала» өлеңін оқып, талдау, осы өлең арқылы Сәкеннің ұлы суреткер екендігін ашып көрсету.

Өлеңді мәнерлей оқи отыра оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыта отыра, әдебиет теориясынан мағұлмат беру.

Сабақтың көрнекілігі: С.Сейфуллиннің портреті, альбом, С.Сейфуллин туралы ұлы адамдардың айтқан ойлары.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мұғалім сөзі, баяндау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымастыру.
2. Үй жұмысын тексеру. (С.Сейфуллиннің өмірбаянын дайындап келу керек болатын)

1 — қатар: С.Сейфуллин кім және оның отбасы.
2 — қатар: С.Сейфуллиннің білім алған және қызмет атқарған орындары.
3 — қатар: Ақынның ығармашылығы (өлеңдерінің тақырыптары, шығармалары).

Сыныптан тыс оқыған «Домбыра» және «Далада» өлеңдерін 2 оқушы жатқа айтып береді.
Мұғалім оқушыларды сабақтың ойқазығымен таныстырады:

«С.Сейфуллин жан-жақты дарын иесі. Одан қалған мұра
сан-салалы. Соның ішінде, әсіресе, Сәкеннің ақындығы
айрықша шоқтығы биік тұрады».

Б.Кенжебаев.

Өлеңді оқымас бұрын жаңа сөздермен жұмыс:

«Қайталай отыра жаттау» ойыны арқылы жаңа сөздермен еске түсіру. Бұл 10 жаңа сөзді алдын ала үйде оқып келуге тапсырылды. Сабақта кез келген 10 оқушыны тақтаға шақырып, қайталай отыра жаттау ойынын жүргіземін. Бірінші оқушы 1 сөзді аудармасымен айтады, келесі оқушы алдыңғының сөзін аудармасымен және өзінің сөзін аудармасымен айтады, сөйтіп әрі қарай жалғаса береді.

Жаңа сөздер:

Дала — степь
Құшағын жайған — раскрыл обьятия
Сағынып келген — соскучившись
Бейне бір жас баладай — как младенец
Кестелі жібек көрпедей — как шелковое одеяло
Шаттанып — радоваться
Иісін, аңқытып — с душистым запахом
Майысып гүдер бұралды — танцующиеся цветы
Өлеңді түсініп оқу, аудару, мәнерлеп оқу.

Тапсырмалар:

І. Өлеңнен көркемдегіш құралдарды табу

1. Теңеу (сравнение) — салыстыра суреттеу.
Төсін ашқан анадай
Жас баладай
Жібек көрпедей

2. Кейіптеу (олицетворение) — адам мінезіне ұқсату
«Кетпе» деп тағы көк шалғын
Аяғыма оралды
Жібермей бөгеп алдымды
Майысып гүлдер бұралды.

ІІ. 1 — қатарға — өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтып беру.
2 — қатарға — өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салып, сол өлең жолдарын оқып беру.
3 — қатарға — табиғат туралы төрт жол өлең құрастыру.

Өлең жүйесіне талдау.
Құшағын жайған кең дала
Төсін ашқан анадай.
Қаладан келген сағынып,
Бейне бір жас баладай.
1 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7–8 буынды, аттамалы ұйқас.
Өлең жүйесіне талдауға 3 қатарға бір төрт жолдан беріледі.

Қорытынды тест

Мен бірнеше сөйлемдер оқимын, олар дұрыс немесе бұрыс болуы мүмкін, менің ойыммен келіссеңдер + келіспесеңдер _ деген таңба қойылады.

1. С.Сейфуллин Сарыарқаның даласында Қарағанды облысында туған.
2. Оның «Өткен күнде» өлеңдер жинағы 1894 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
3. Сәкеннің шын аты — Сырымбет.
4. С.Сейфуллин 1916 жылы Омбыда оқытушылар семинариясын аяқтайды.
5. Оның «Дала» өлеңінің негізгі тақырыбы — бостандық.
6. Өлеңде жас баладай — теңеу болады.
7. С.Сейфуллиннің поэмалары: «Дала», «Аққудың айрылуы», «Қызыл ат)
(Тақтада жазулы кілтпен парталас екі оқушы бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, баға қояды).

Үйге тапсырма: өлеңді жаттау.

Бағалау.

Категория: