Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Әке — асқар тау

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Астана қаласы № 5 гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Нурышева А.Б.

Сабақтың тақырыбы: Әке — асқар тау

Қазақ тілі, 9-сынып

Сабақтың мақсаты: отбасындағы әкенің орнын түсініп, оған деген қажетті қадір-қасиет сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

  • мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ой-пікірін ауызша-жазбаша тіл арқылы білдіруге дағдыландыру, ықпал түрлерін қайталау;
  • логикалық ойлауын, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
  • әкеге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдістері: СТО жобасының кластер стратегиясы, оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, өздік жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ана» тақырыбына — эссе/мәтін мазмұндау (36-37-бет)

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Сабақтың тақырыбы айтылады, мақсат, міндеттері айқындалады.

2. Кластер — «Әке» сөзінің мағынасын ашатын сөз тіркестер, сөйлемдер жазады.

3. Оқулықпен жұмыс (31-бет, қосымша оқулық, авт. К.Ш.Саргелтаева, Б.А.Кабланбекова, Г.Турсынхан, К.Ж.Кожабаева. Көкшетау, 2012)

Әке — әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.

Әке үйі — барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.

Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп, үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да, кенже ұл иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.

Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды.

С.Кенжеахметұлы

3.1. Сөздік жұмыс

Әулет, асырап сақтаушысы, енші, бөлек шыққан, киелі, иеленген, мінез-құлқы, нысанасы, өнегелі.

Мұнда жаңа сөздер түсіндіріледі, оқушылар бұл сөздерге мүмкіндігінше синонимдер келтіреді. Мысалы: әулет, отбасы.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері қазақ ақын-жазушыларының көркем шығармаларында көрініс тапқан. Осыған байланысты көркем әдебиет үлгілерін еске түсіру.

3.2. Оқылым.

3.3. Мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс.

  • а) Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын тексеру (31-32-б.).
    ә) Деңгейлік тапсырмалар орындау (жазбаша) — 5 мин.

ІІІ д. Мәтінді түсініп, мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастыру, мәтінге ат қою (жеке жұмыс).

ІІ д. Мәтіннің мазмұны бойынша және тақырып төңірегінде полилог құру (3-4 оқушы).

І д. Мәтін мазмұнын кеңейтіп, жалғастыру. Өз ой-пікірін білдіру.

Тексеру барысында оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, қате болған жағдайда түзетіп, толықтырады.

3.4. Жазылым. Ықпал түрлерін қайталау.

Ықпалдың ілгерінді, кейінді түрлерін еске түсіріп, мәтіннен 6 мысалдан теріп жазады. Мұнда жазуда ескерілетін, ескерілмейтін мысалдарды көрсетіп келтіреді.

4. Сабақты қорытындылау.

4.1. Білімін жинақтау — сұрақтар қою (ауызша жауап береді).

  1. Отбасында әкенің орны қандай?
  2. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың тәрбиесінде өте маңызды. Неге? Бұл ойды дәлелдейтін мақалды келтіріңдер.
  3. «Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше» демекші, ана туралы айтпай кетуге болмайды. Бала тәрбиесінде ананың рөлі қандай? Осыған байланысты мақалдар келтіру.

4.2. Сабақ басында жасалған кластер жаңа ұғымдармен толықтырылады (жазады).

4.3. Тілдесім.

Оқушылар жаңа сөздерді, ұғымдарды пайдаланып, тақырып төңірегінде бір-біріне 2 сұрақтан қояды.

IV. Оқушыларды бағалау.

V. Үйге тапсырма:

ІІІ д. — 2.13-тапсырма (жазб.), сөздерді жаттау, мәтінді оқу.

ІІ д. — 2.12-тапсырма.

І д. — 2.14-тапсырма. Әке туралы шағын мәтін құрастырып жазыңдар.

Категория: