Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан — тәуелсіз мемлекет

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Сариева Динара Советовна преподаватель истории, стаж работы 8 лет, категория 2 ГККП колледж Агробизнеса с. Чаглинка Зерендинского района при управлении образования Акмолинской области

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін арттырып, бөлім бойынша қорытындылау, оқушылардың білімінің деңгейін бағалау, осы бөлім бойынша әр оқушының емтиханға дайындықтарын анықтау;

Дамытушылық: Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру; Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті туралы білімін қорытындылап, бұрынғы жағдайымен салыстыра білу, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Ұлтжанды, елін жерін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жалпылау — қайталау

Әдісі: интерактивті, баяндау, кіші топпен жұмыс, пікір алмасу, сәйкестендіру, ой-толғау әдістері, миға шабуыл.

Пәнаралық байланыс: Д/ж тарих, экономика, әдебиет, құқық негіздері

Сабақтың көрнекілігі:

1. «Тәуелсіз Қазақстан» картасы.
2. Презентациялар.
3. Электрондық оқулық.
4. Карточкалар
5. Кітаптар
6. Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

«Тәуелсіз еліміздің тірегі — білімді ұрпақ»
Н. Назарбаев

I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Оқытушының кіріспе сөзі.
III. Сайыс турлары:

1 тур — «Суреттердегі тарих»
2 тур — «Тарихи шыңдық»
3 тур — «Алтын оңдық»
4 тур — «Журналистік тексеру»
5 тур — «Сөйлемді толықтыр»
6 тур — «Тарихи мозайка»
7 тур — «Озат бестік»
8 тур — «Жылдар сөйлейді»
9 тур — «Қазақстандағы саяси партиялар»
10 тур — «Сөз шешені».

IV. Қорытынды жасау

Оқытушының қорытынды сөзі (Егеменді Қазақстанның тарих беттері)
Эксперттердің қорытынды сөзі (бағалау)

V. Үйге тапсырма: «Шығармашылық жоба» «Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы менің жанұямның тарихы» тақырыбына портфолио жасап, оған «Тәуелсіздік кезеңіндегі менің туған-туысқандарымның жетістіктері» атты эссе жазындар.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан — тәуелсіз мемлекет.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін арттырып, бөлім бойынша қорытындылау, оқушылардың білімінің деңгейін бағалау, осы бөлім бойынша әр оқушының емтиханға дайындықтарын анықтау;

Дамытушылық: Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру; Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті туралы білімін қорытындылап, бұрынғы жағдайымен салыстыра білу, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Ұлтжанды, елін жерін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жалпылау — қайталау

Әдісі: интерактивті, баяндау, кіші топпен жұмыс, пікір алмасу, сәйкестендіру, ой-толғау әдістері, миға шабуыл.

Пәнаралық байланыс: Д/ж тарих, экономика, әдебиет, құқық негіздері

Сабақтың көрнекілігі:

1. «Тәуелсіз Қазақстан» картасы.
2. Презентациялар.
3. Электрондық оқулық.
4. Карточкалар
5. Кітаптар
6. Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

«Тәуелсіз еліміздің тірегі — білімді ұрпақ»
Н. Назарбаев

І. Ұйымдастыру кезеңі. (5 минут)

А) Сәлемдесу
Б) Тізім бойынша тексеру
В) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Д) Сабақтың мақсатымен таныстыру
Е) Оқушыларды топқа бөлу

Ұстаздың кіріспе сөзі: Тарих —сырт көзге оп-онай сияқты көрінгенімен, терең қатпарлы, күрделі ғылым. Содан болар, тарихтың айналысында айтыс-тартыс, пікірталас үнемі болып тұрады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, тарихымыздың көлеңкелі беттері ашылып, өз тарихымыздағы шындықтарға көзіміз жетіп отыр. «Тәуелсіз еліміздің тірегі— білімді ұрпақ» дейтін болсақ, солардың бірі өздеріңсіндер.

Бүгін Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған сабағымызды «Қазақстан — тәуелсіз мемлекет» тақырыбында басталғалы отырмыз. Осылай атауымыздың өзінде де үлкен мән бар, себебі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні жақындап келе жатыр.

2. Сабақтың тақырыбын тұжырымдау және анықтау

Бүгінгі сабақта өтетін тақырып біздің тарихымыздың ең маңызды кезендерінің бірі. Ең біріншіден, Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, дүние жүзіне өзің егеменді ел ретінде жариялады. Екіншіден, осы уақыттан бастап Қазақстан Республикасының тарихында жаңа бет ашылды.

Осы кезен бойынша нені біліп және не туралы білуіміз қажет екенің көреміз. Сабағымызды сайыс ретінде өткіземіз. Әр командаға әр түрлі тапсырма беріледі, уақыты шектеулі.

Оқытушы оқушыларды сабақтың тақырыбымен, жоспарымен, мақсатымен таныстырады. Сабақ барысында қолданылатын оқытудың белсенді формаларымен таныстырып, әдіс-тәсілдеріне тоқталып кетеді.

Сайыс

1 тур — «Суреттердегі тарих»

№ 1 (1 топқа)

«Тәуелсіз Қазақстан» тарихы туралы фотоальбом құра Көріністер бойынша тарихи оқиғаларды анықтап алгоритмі бойынша анықтама құра: уақыты, тарихи адамдар, себептері, фактілері және оның салдары.

2 топқа (картамен жұмыс)

Суреттерді қай жерде орналасқаның анықтап, алгоритмі бойынша анықтама құра: қай жерде орналасқан, себептері, фактілері. (1 минут)

2 тур — «Тарихи шыңдық»

№ 2 (1 топқа)

Оқиға ретін хронология бойынша қалпына келтір.

1) Қазақстан Республикасы — атауы қабылданды
2) Мемлекет нышандары — Елтаңба және Ту қабылданды
3) ҚР қазіргі Конституциясы қабылданды
4) Ұлттық валюта — тенге енгізілді
5) Жаңа астана — Астана қаласының тұсаукесері өтті.

Кілті:

1. Қазақстан Республикасы — атауы қабылданды
2. Мемлекет нышандары — Елтаңба және Ту қабылданды
3. Ұлттық валюта — тенге енгізілді
4. ҚР қазіргі Конституциясы қабылданды
5. Жаңа астана — Астана қаласының тұсаукесері өтті.

№ 10 (2 топқа)

Тәуелсіз Қазақстан тарихының оқиғаларын хронологиялық рет бойынша қойындар.

1) Екінші ұлттық халық санағы
2) Қазақстан Президентінің соңғы сайлауы
3) Астанада өткен 1 — халықаралық бейбітшілік пен келісім конференциясы
4) Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы
5) Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы
6) Қазақстанның БҰҰ кіруі

Кілті:

1) Қазақстанның БҰҰ кіруі
2) Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы
3) Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы
4) Астанада өткен 1 — халықаралық бейбітшілік пен келісім конференциясы
5) Қазақстан Президентінің соңғы сайлауы
6) Екінші ұлттық халық санағы (3 минут)

3 тур — «Алтын оңдық»

№ 3 (1 және 2 топқа)

ҚР тарихындағы ең маңызды тарихи оқиғалардың тізімін жасандар. (2 минут)

4 тур — «Журналистік тексеру»

№ 4 (1 топқа)

Сен Байқоңырға барып, Қазақстанның алғашқы ғарышкерлерімен кездестің — Т.Әубәкіров және Т. Мұсабаев.

Оларға қандай сұрақтар қояр едің?

№ 5 (2 топқа)

БАҚ материалдары негізінде сұрақтардың жауаптарын табыңдар: «Дамыған және дамушы елдермен экономикалық байланыстардың кеңеюі Қазақстанның экономикалық дамуына қалай әсер етті?» (3 минут)

5 тур — «Сөйлемді толықтыр»

№ 6 (1 және 2 топқа)

Мәтіндегі бос орындарға қалып кеткен сөздерді жазыңдар:

1. .................... «Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі нысаны» болып табылады.

2. Адамның өмірі мен қызметіне қатыстының бәрі .................... жатады.

3. Қазақстанда «..................» Заң негізінде зейнетақы бөлу жүйесі әзірленген.

4. 1996 жылдан бастап елімізде .......................жүйесі жұмыс істейді.

5. «................» даму стратегиясындағы азаматтардың денсаулығы, білімі және амандығы тармақшасы Қазақстанда білімді және денсаулықты дамыту мәселесіне арналған.

(2 минут)

Кілті:

Адам «Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі нысаны» болып табылады.

Адамның өмірі мен қызметіне қатыстының бәрі әлеуметтік салаға жатады.

Қазақстанда «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң негізінде зейнетақы бөлу жүйесі әзірленген.

1996 жылдан бастап елімізде медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейді.

«Қазақстан — 2030» даму стратегиясындағы азаматтардың денсаулығы, білімі және амандығы тармақшасы Қазақстанда білімді және денсаулықты дамыту мәселесіне арналған.

6 тур — «Тарихи мозайка»

№ 8

Мына Құқықтар мен бостандықтарды дәлелдейтін Конституция баптарын табыңдар.

1) Құқықтар мен бостандықтар азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. 30 бап

2) ҚР азаматтары бейбіт және қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер, шерулер өткізу құқылы. 32 бап

3) Адамның қадір — -қасиетіне қол сұғылмайды. 17 бап

4) ҚР өзінің одан тыс жерлерде жүрген өз азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдікбереді. 11 бап.

5) Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 14 бап.

6) Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына құқығы бар. 24 бап. (5 минут)

7 тур — «Озат бестік»

№ 9

«Озат бестік» деп аталатын тарихи ойын.

1 және 2 топқа

1) Мен тәуелсіз Қазақстанның 5 белгілі саяси басшысын білемін.

2) Мен тәуелсіз Қазақстанда қабылданған 5 маңызды заңды білемін.

3) Мен республиканың экономикалық дамуының 5 мысалын білемін.

4) Мен тәуелсіз Қазақстан тарихының 5 датасын білемін.

5) Мен Қазақстан мүше болып табылатын 5 халықаралық ұйымды білемін.

(5 минут)

8 тур — «Жылдар сөйлейді»

№ 11 (1 топқа)

1. Қазақстан тарихында мына жылдар қалай аталған?
2. Ауыл жылы
3. Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы
4. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жылы
(2 топқа)
5. Жалпыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы
6. Денсаулық жылы
7. Мәдениет, бейбітшілік және алғыс жылы
8. Ұрпақтар бірлігі мен жалғастығы жылы
(3 минут)

Кілті:

1. 1997 ж. — Жалпыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы
2. 1998 ж. — Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы
3. 1999 ж. — Ұрпақтар бірлігі мен жалғастығы жылы Қазақстан тарихында мына жылдар қалай аталған?
4. 2000 ж. — Мәдениет, бейбітшілік және алғыс жылы
5. 2001 ж. — Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жылы
6. 2002 ж. — Денсаулық жылы
7. 2003-2005 ж. — Ауыл жылы

9 тур — «Қазақстандағы саяси партиялар»

№ 12
Қазақстандағы саяси партиялар Партияның атауын көшіріп, сәйкес ұяшыққа қой.

1) Партия 1999 жылы құрылды. Партияның әлеуметтік базасын бюджет мекемелерінің қызметкерлері, студенттер, ғылыми және шаруашылық интеллигенция, шағын және орта бизнес өкілдері құрайды.
Негізгі мақсаттары: экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру,азаматтардың өмір сұру деңгейін көтеру, елімізде тұрақтылықты сақтау.

2) Төрағасы — Ғ.Е.Қасымов. Партия Қазақстан халықтарының қайта өрлеуі үшін, демократиялық мемлекет құру үшін, нарықтық экономикаға негізделген азаматтық қоғам құру үшін күреседі.

3) Оның алға қойған мақсаты — мемлекеттік реттеу және ауылшаруашылығы саласына қолдау көрсету, ауыл еңбекшілерін қорғау.

4) Бұл партия 2003 жылы 6 қазанда тіркелді. Партияның әлеуметтік базасы — білім, денсаулық, ғылым мен мәдениет саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер, т.б. Олардың алға қойған негізгі мақсаты — экономиканы көтеру, әлеуметтікмәселелерді шешу, қоғамның рухани байлығын және жоғарғы адамгершілігін дамыту.

(2 минут)

Кілті:

1) «Нұр Отан» халықтық — демократиялық партиясы
2) Қазақстанның патриоттар партиясы
3) Қазақстанның «Ауыл» әлеуметтік — демократиялық партиясы
4) «Руханият» партиясы

10 тур — «Сөз шешені»

Команда капитандары шешендік өнерлерін көрсету.

№ 7
Сенің «Халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты дамытудағы Қазақстанның үлесі» атты баяндамамен БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеуің тиіс деп ойла:

Баяндама дайындау барысында: «Жаңа индустриалды елдер, әлеуметтік кепілдіктер, демократия, аштық, мәдени құндылықтар, өркениеттегі қарама-қайшылықтар, мәдениеттер диалогы, әлеуметтік қарама-қайшылықтар, білім, мұнай, экономикалық өсудің жоғарғы қарқыны, серіктестік қатынастар» — деген сөздерді қолданындар. (5 минут)

VI. Қорытынды жасау

Оқытушының қорытынды сөзі: Осымен сайысымыз аяқталды, эксперттеріміз бағалап болғанша осы өткен тақырыбымызды қорытындылап шағайық.
1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстанда болған оқиғаларымызды есімізге түсірдік. Осыған байланысты сіздерге Егеменді Қазақстанның тарих беттерің назарларыңызға ұсынамын.
(Слайдттар арқылы қорытындылау) (10 минут)

Эксперттердің қорытынды сөзі (бағалау) (5 минут)

V. Үйге тапсырма: «Шығармашылық жоба» «Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы менің жанұямның тарихы» тақырыбына портфолио жасап, оған «Тәуелсіздік кезеңіндегі менің туған-туысқандарымның жетістіктері» атты эссе жазындар.

Приложение

Смотреть в формате PDFСмотреть в формате PDF

Категория: