Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Калабаева Айгуль Аманжоловна қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі ІІ санат Ақкөл орта мектебі. Еңбек өтілі: 15 жыл. Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылы

Калабаева Айгуль Аманжоловна

5-сынып

Мақсаты:

1. Дүниежүзілік спорт аренасына шығып,шетелдердегі жарыстарда атақ,даңққа ие болған тұңғыш қазақ Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолымен, бейнесімен,ерен еңбегімен таныстыру.
2. Оқушылардың тіл мәдениетіне,ойын толық,дәлелді жеткізе білуіне жетелеу,көркем шығарманы талдай білу дағдысын дамыту.
3. Спортты сүюге,елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі,география

Әдістері: болжау, талдау, жинақтау. (СТО жобасы)

Көрнекіліктері: электронды слаидтар, электронды оқулық.

Барысы:

Үй тапсырмасын тексеру

• И.Байзақов «Жазғы кеш» өлеңін жатқа оқу.

• Туған жерлеріңнің табиғатын суреттеу, әңгімелеу.

— Балалар, сіздердің туындыларыңыздан туған жерлеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіздің шексіз екенін аңғардым.

— Туған жерлеріңізге болашақта қалай еңбек сіңіремін, мәртебесін асырамын деп ойлайсыздар?

— Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де туған халқына адал еңбегімен қызмет атқарып, даңқын асқақтатты, әлемге танытты.Ол туралы таныспас бұрын тақтадағы суреттер арқылы әңгіме құрайық.

І. Қызығушылықты ояту

«Тірек символдар» стратегиясы.

ІІ. Мағынаны тану

Повесть (хикаят) — баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі.Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады.

Әңгімеде көбіне өмірдің бір мезеті, қысқа оқиғалар суреттелсе, романда аса күрделі әрі көлемді, бүкіл бір кезеңнің оқиғалары тұтастырыла суреттеледі. Ал повестегі оқиғалар жинақы, сюжеттік желі негізінен бір арнада өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды.

— Балалар ,бүгін біз сіздермен Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» атты әңгімесімен танысамыз.

Қ.Әбдіқадыров 1903 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Қызылорда облысы,Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» кеңшарында зәулім мектепті өз қаржысына салдырған.Өз балалық шағында жоқшылық тақсыретін көп тартқан Қалқаман «Кеңес заманында туған жас ұрпақ білім нәрімен еркін сусындасын» деп мектепті салдырған екен. Қалқаман — ақын,жазушы,аудармашы.

— Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы, жетістіктері туралы әңгімелеу. (Оқушылардың пікір-ойын тыңдау)

Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.

Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған.

Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.

1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.

1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады.

1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды.

Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.

Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры.

«Болжау кестесі» стратегиясы

Не  болады  деп  ойлайсыз?

Оған  қандай  дәлеліңіз  бар?

Шын  мәнінде  не  болды?

 

 

 

 

 

Әңгімені электронды оқулықтан тыңдату.

Мәтінді бөліктерге бөліп, сұрақтар арқылы жұмыс жүргізу.

1-мәтін. Жас бала сарайға не себепті қайта-қайта қарай берді деп ойлайсыз? Бұл кім болуы мүмкін?
2-мәтін.Шын мәнінде не болды?
3-мәтін. Бала Орлий Масликовқа жұмысқа жалданады деп ойлайсыз ба?
4-мәтін. Мұқан қандай әрекет жасайды деп ойлайсыз?
5-мәтін. Әңгіме әрі қарай қалай өрбиді деп ойлайсыздар?
6-мәтін. Мұқан шанаға жеккен ат өліп қалып, оны шананың үстіне салып жаяу сүйретіп әкелуіне тура келді.Бұл жағдайға бай қандай көзқарас танытады деп ойлайсыз?

Дәптермен жұмыс: әңгімеден теңеулерді теріп жазу.

ІІІ. Толғаныс

«Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы.

Балалар, Қазақстанда 2011 жылы Азиялық қысқы олимпиада өткенін білеміз. Сол олимпиадаға біздер де үлес қосайық. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріп олимпиаданың символын жасайық. (Мына сақиналардың артында сұрақтар жасырылады)

1.Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті? (көк)
2.Отыз пұт май қатырған кеспекті, бала шанаға қалай салды? (қара)
3.Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді? (қызыл)
4. Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді? (сары)
5.Қажымұқан жайында не білеміз? (жасыл)

Қорытынды:

Бүгінгі сабақтан әлемдік аренаға шығып халық мәртебесін асырған Қажымұқанның қиын тағдырына ортақтастық. «Көп бейнеттің зейнеті болады» деуші еді ғой халық.Мұқан да қиындықтардан шыңдалып, жақсылыққа жеткен екен.

— Балалар,сендер күрес дегенді қалай түсінесіңдер?

— Күресе білу үшін нені білу керек?

Ал Қажымұқан «Күрестің мәні жеңіс пен жеңіліс емес.Оның мәні алақандай аренаға шығып,көрерменнің алдында өз бақытың үшін күресуде.Қимыл-күрестің бейнесі.Ал ең бастысы күрес адамды табандылыққа тәрбиелеп,оны қиындыққа мойымауға үйретеді.Күресті түсіне білудің өзі-күресе білуде» деген екен.

— Сонымен,балалар,Қажымұқан аталарыңдай палуан болғыларың келсе,палуандар тілі-спорт.Денсаулықтарың шымыр болсын десеңдер-спортты сүюлерің керек.

«Қаласын кездім талай дүниенің,
Таныттым мен туған қазақ елін.
Үстімнен жүк автобус жүрген уақытта,
Сонда да қайыспаған қайран белім» дегендей,өмірде белдерің қайыспайтын батыл,шымыр,еліміздің ертеңінің тірегі болыңдар.
Келесі сабақта оның күрес алаңына шығуымен танысатын боламыз.

Үйге тапсырма: «Қар күреген бала», «Жаяу сүйреген шана» бөлімдерін мазмұндау.

Бөлімдерге жоспар құру

Бағалау.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қыдырбек Рысқұлбекұлы «Қазақ балуандары»
  2. Қазақ энциклопедиясы
  3. Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай
  4. Қазақ әдебиеті 5 сынып Алматы «Атамұра»
Категория: