Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Достаса, білейік!

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Еслямова Уәзипа Пазылбекқызы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы Новоишим селосы «№2 Новоишим орта мектебі» КММ мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешісі II санат

Сабақтың тақырыбы: Достаса, білейік!

Сабақтың мақсаты: Достық туралы терең түсінік бере отырып, адал достыққа, шынайылыққа баулу.

1. Міндеттері

— достық,сыйластық туралы пікірлесе отырып, оқушылар арасында достық сезім қалыптастыру;
— өзара көмек, жолдастық,сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, бейнетаспалар, интербелсенді тақта қарындаштар

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық. Мұғалім: Қайырлы күн балалар, қонақтар! Бір-бірлеріңе бір сәт көз жүгіртіп қараңдаршы... Бүгін бәрің сондай әдемі, қуаныштысыңдар. Бүгін қандай керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Достаса, білейік!» атты ашық оқу іс әрекетінің «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

— Сәлем досым / амандасады/
— Сен қалайсың? / иықтарын қағады/
— Қайда болдың? / құлақтарын тартады/
— Сен келдің? / қолдарын жаяды/
— Мен сені сағындым / қолдарын жүректеріне қояды/
— Досым саған ризамын /құшақтайды/

Жаңа сабақ:

Тәрбиеші: Сендердің көздеріңнен мейірімділікті жақсылықты қамқорлықтың, достықтың белгісін көріп тұрмын. Бүгін жанымызға тағы бір Жақын адамдар — достарымыз жайлы әңгімелесеміз. Дос адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы және «Достық» ұғымымен танысамыз«.

Дәйексөз: Балалар енді «достық» құндылығының мәнін аша түсу үшін дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.

«Татулық‒достық кепілі» деген халық мақалының мәнін ашу.

• «Дос» және «достық» деген сөзді қалай түсінуге болады?

Балалар, достарың туралы жақсы, жылы сөз айтқандарың қандай әсерлі. Достар — бір-біріне қашанда көмекке келіп, қолындағысымен бөлісетін, тату, сүйіспеншіліктері мол, бір-бірін сыйлайтын жандар.

Мақал‒мәтелдер.

1-2 бала мақал-мәтел айтады.

Дос жылатып айтар,
Дұшпан күлдіріп айтар,

Видеоға назар аударайық

Әңгімелесу.
Балалар, сендер достық, татулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?
(Балалардың достық туралы пікірлерін тыңдау)

‒ Өз досың туралы айтып берші?

‒ Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма?

Сергіту сәті

Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады.
Достар бірге жүреміз, (қол ұстасып, айнала жүру)
Бірге ойнаймыз, күлеміз. (бір-біріне қарап, күлу)
Бірге балық аулаймыз, (қолдарын алға созу)
Міне, біздер қандаймыз! (қолдарын жоғары созу) Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз.

Ұжымдық жұмыс.

Балалар екі топқа бөлініп ұжымдық жұмыс жасайды.

‒ Балалар ұжымдасып келесі топтағы достарына жасаған жұмыстарын сыйлайды.
«Достық» туралы білетін тақпақтарымызды айтайық.

Арайлым:
Екі деген‒екі дос,
Бірін‒бірі сыйлайтын.
Артық кемді етпей сөз,
Бірін бірі сыйлайтын.

Сандина:
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты.
Бір нүктеге қадалған екі көзің сияқты.

Мейрам:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда деп
Достар бір біріне сенімді боламыз.

Мансұр:
Достар бірге жүреміз.
Бірге ойнаймыз күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне біздер қандаймыз.

Расул:
Адал дос барлық жерде керек екен.
Өмірде достың орны бөлек екен
Жақсы дос жадыратса, жан дүниеңді.
Жаман достан жамандық келеді екен

«С и қ ы р л ы о р ы н д ы қ»

Орындыққа бір оқушы отырады.Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады?

Көмектеседі
Мейірімді
Мақтаншақ
Шыншыл
Сабарлы
Жауапсыз
Кешірімді
Білімді Төзімсіз
Әдепсіз
Өзімшіл

Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Бәрі де бір ұлттың балаларындай барлығы да бір-бірімен тең құқықта қарым-қатынас жасайды, бірдей еңбек етеді.

Достығымыз берік болсын
Өзіміздегі қандай жаман, ұнамсыз қасиеттерді жоғалтқымыз келеді. Э

Бірлесе көтерген жүк жеңіл
ВИДЕО КӨРУ /МУЛЬтФИЛЬМ/

Жүректен жүрекке

Алдыларындағы қағазға жазып, жоғалтқымыз келеді, жазып қоқысқа тастаймыз.
Дос табу оңай-сақтау қиын
Достық ережесін құру. /Мысалы/

  •  Берген уәдеңде тұр
  •  Досыңа адал бол
  •  Қиын сәтте көмектес
  •  Достаса біл
  •  Досыңды қолда
  •  Кешірімді бол
  •  Досыңмен сырлас
  •  Досыңды үнемі мақта
  •  Досыңа күлме
  •  Әрқашан әділ бол

Дос болайық, бәріміз! әнімен аяқтау.

Қорытынды: Бүгін біз достық туралы шынайы әңгіме өткіздік, енді сендер достаса білу керектігін, оны үйренуге болатынын білдіңдер. Досты асықпай таңдап, оның қадірін білу керек

Источник: httpss://sabaqtar. kz/ozinozi/4452-dos-bolayybrmz. html
httpsss://kopilkaurokov. ru/nachalniyeKlassi/uroki/dos-bolaiyk-barimiz