Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Біздің мұғалім»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебі» ММ, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы

Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы

Мақсаты:

1. Білімділік: Ұлы ұстаздар туралы мағлұматтар, жаңа сөздер танып білу, сөз таптарын еске түсіру.
2. Дамытушылық: Өздерінің қиялдағы ойларын жеткізе және дәлелдей білу, сыни тұрғыдан ойлау білу дағдыларын, бір-бірімен келіссөзге келуге деген ынталарын арттыру.
3. Тәрбиелік: Тіл өнеріне, сауаттылыққа тәрбиелеу. Ұстаздарды сыйлай білуге, құрметт тұтуға тәрбиелеу.

Түйінді идеялары: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың топпен жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау, өз бетімен жұмыс істей білу, іздене білу дағдылары артады. Әр түрлі деңгейдегі оқушылардың бірлескен жұмысы қосымша мүмкіндітктер туғызады (жоғары деңгейлі оқушылар төмен деңгейлі оқушыларды үйрету арқылы, төмен деңгейлі оқушылар жоғары деңгейлі оқушыдан үйрену арқылы дамиды). Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, оқыту мен оқуда АКТ қолдану, оқыту үшін бағалауды пайдалану оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын оятады, ынтасын арттырады. Өзін-өзі реттеу талантты оқушыларға жол ашады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, «СИНКВЕЙН» әдісі, «Білемін, білгім келеді, білдім» әдісі, өзіндік жұмыс, АКТ пайдалану.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үнтаспа, флипчарт, стикерлер, А-4 парақтары, тақта, бор.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012, Үшінші (негізгі) деңгейге арналған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Қазақ тілі» 5-сынып, Алматы «Атамұра» 2010, Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

 

Кезеңдері

Жоспар

7 модульді іске асыру

Қосымша

Ұйымдас-тыру кезеңі:

Ауызекі сөйлесу

— Сәлеметсіздер ме, балалар!

— Бүгін сабағымызды сендердің сыныпқа деген көзқарастарыңнан бастаймыз, ол үшін өз пікірлеріңді стикерлерге жазып, сол стикерлерден поезд вагондарын құраңдар. 

(жазып болған соң, әр оқушы жақындап сынып туралы пікірлерді оқи алады)

— Бүгінгі күн бойынша ақпаратты кім айтады?  (3 минут)

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

 

 

Өзін-өзі реттеу

 

Үй жұмысын тексеру

— Үйде сендер А-4 парағына сөзжұмбақ шешіп келдіңдер, кім тақтаға шығып шешімін оқып береді? Егер қате болмаса оқушылар қолпаштайды, қате болса тыныш отырады, оқушының өзіне қатені табуға мүмкіндік беріледі. Осылайша, қолпаштау арқылы оқушының неше рет қателескені анық болады және оқушылардың бірін-бірі бағалауына мүмкіндік туады.

(барлық оқушылар А-4 парағына шешілген сөзжұмбақты тапсырады) (5- минут)

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

(Формативті бағалау)

 

Жаңа сабақ

— Балалар, бүгін сендер топпен жұмыс істейсіңдер, әр топ 3 адамнан құралады.

Ол үшін сендерге түрлі жануарлардың аттары жазылған парақтар таратылады, сендер өз топтарыңды табуларың үшін сол жануарлардың дауыстарын салуларың керек. (1 минут)

 

— Қазір мен үнтаспадан өлең қосамын, мұқият тыңдап, сол өлеңнің мағынасын түсінуге тырысыңдар. Өлең мен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бірдей. (өлеңмен қоса интерактивті тақтада слайд көрсетіледі, онда Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы туралы ұлы ұстаздар туралы мағлұматтар және ұстаздар туралы өлең жолдары беріледі).

— Ал, қанеки, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

— Дұрыс, ұстаз, мұғалім туралы. (3-4 минут)

— Балалар, сендер бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты не білесіңдер, не білігілерің келеді? Тақтадағы «Білемін, білгім келеді, білдім» кестесіндегі 1-2-ші ұяшықтарды толтырыңдар.

(1-2 минут)

1-тапсырма

— Флипчартқа «Үлгілі мұғалім» тақырыбына сурет салып, пікірлеріңді жазып, тақтада қорғауларың қажет. (5 минут/ 1 минуттан әр топқа)

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

 

 

Оқыту мен оқуда АКТ қолдану. (үнтаспаны, Power Point презентациясын  пайдалану)

 

 

 

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы

 

Бірлескен оқу

 

Бекіту кезеңі

2-тапсырма

«Синквейн» немесе «Бес жолды өлең» әдісі.

— Балалар, әр топ қазір «мұғалім» сөзіне қатысты

2 сын есім

3 етістік

4 сөзден тұратын сөйлем

1 синоним

табуларың қажет.

(Түбірлес сөздер болмауы тиіс)     (5 минут/ 1 минуттан әр топқа)

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

 

Қорыту кезеңі

«Менің сүйікті мұғалімім» тақырыбына шағын эссе жазу (5-6 сөйлем)

(Эссе жазу барысында «Мектебім» атты өлеңді қосу)

(10 минут)

 

— Балалар, сендер бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты не білдіңдер? Ендеше, тақтадағы «Білемін, білгім келеді, білдім» кестесіндегі 3-ші ұяшықты толтырайық. (1 минут)

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Дара оқу.

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы

 

Үй жұмысын беру

«Үлгі тұтар ұстаз» тақырыбына реферат дайындау. (әр оқушы өз деңгейіне сай шығарма жазады, талантты оқушылар ізденіп, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов сияқты педагогтар туралы жазуларына болады).   (1-минут)

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

 

Бағалау кезеңі

Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуына, өзіндік жұмысты орындауына сәйкес тиісті бағаларын қойып, түсініктемелер беру.  (3 минут)

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

 

Пайдаланған әдебиет:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012, Үшінші (негізгі) деңгейге арналған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Қазақ тілі» 5-сынып, Алматы «Атамұра» 2010, Қазақ әдебиеті.
  2. Ермекова Т.Н., Тажибаева Г.Б. «Алматыкітап»
Категория: