Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақ тақырыбы: «Музыка әлеміндегі кірме сөздер»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Маликова Айнур Кенесбаевна Солтүстік-Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы Бидайық ауылы. Санатым — жоғары. Еңбек өтілі — 15 жыл

Маликова Айнур Кенесбаевна

 

Қазақ тілі

 

7  сынып

 

Сабақ тақырыбы:

Музыка әлеміндегі кірме сөздер

Жалпы мақсат:

Кірме сөздер туралы түсінік беру. Кірме сөздердің қолдану аясы туралы айта отырып, жазылуындағы ерекшеліктерге назар аудару. Мәтін ішінен кірме сөздерді табуға үйрету. Өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Кірме сөздерді лексика саласы зерттейтінін біледі. Оқулықта, сабақта берілген кірме сөздерді таниды. Орыс тілінен енген сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады. Ережені түсініп жаттауға дағдыланады. Толық жауап қайтаруға үйренеді.Бір-бірін тыңдай біледі, ой бөліседі, еркін сөйлеуге үйренеді.

 

Негізгі идеялар:

Қазақ тілінің сөз байлығы, сөздік қор құрамы біркелкі еместігі жайлы түсінік беру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар

кесте

бағалау парағы

Оқыту әдістері:

 

«БББ» стратегиясы, Инге Унт болжамы бойынша жекелеп оқыту, «аялдап оқу» стратегиясы, Блум түймедағындағы сұрақтар, деңгейлік оқыту, «бір сөйлеммен қорыту» әдісі

 

1. Жеке жұмыс

2. Жұптық жұмыс

3. ұжымдық  жұмыс

 

Дерек көздері:

7 сынып қазақ тілі оқулығы

«Шың» кітабы

Ш.К. Бектуров Казахский язык для всех

 

 

Тапсырмалар:

Терме диктант, венн диаграмма, «Бір адым» ойыны

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Оқушылармен амандасқаннан кейін  жағымды көңіл туғызу үшін бір біріне жақсы тілек білдіруін сұраймын.

Қысында отырған сыныптастарына қазақша тілектенін білдіреді.

«ой қозғау» бөлімі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Тақтағы кестенің бірінші көзін толтыру үшін оқушылардан кірме сөз туралы не білетінін сұраймын.

Не білемін?

 

 

 

 

 

 

Кірме сөз туралы немесе қандай кірме сөздерді біледі я білмейтінін дәптерлеріне жазады.

ІІІ. Жаңа тақырып    

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

1. Әр оқушының не біленінін тыңдаймын да, оқулықта берілген ережені оқытамын.

2. Оқыған ережені қаншалықты түсінгенін тексеру мақсатында бір-біріне түсіндіруді тапсырамын.

3. Өзара оқыту аяқталған соң, оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылау үшін кестенің екінші көзін толтыруға кірісемін.

 

Не білуіміз керек?

 

 

 

 

 

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың көмегімен тақырыпты ашамын. Ол үшін оқушылардың назарына үш сөйлем ұсынамын.

1. Берілген

сөйлемдердің ішінде кірме сөздер бар ма?

2. қай тілден енген сөздер деп ойлайсыңдар?

3. Оның кірме сөз екенін неден білдіңдер?

4. Жазылуында қандай ерекшелік бар?

5. Тағы мысал келтіре аласыңдар ма?

6. Музыка саласындағы термин кірме сөздер білесіңдер ме?

7. Қазақтың төл сөзіне жатпайтын сөздерді қалай атаймыз?

8. кірме сөз дегеніміз не?

9. кірме сөзді қазақ тілінің қай саласы зерттейді екен?

10. Лексика дегеніміз не?

11. Кірме сөздер не үшін керек?

Кірме сөздерді қаншалықты қолдана алатындығын тексеру үшін деңгейлік тапсырмалар беремін.

Оқулықтағы сызба мен ережені берілген уақыт ішінде іштен оқиды.

Жұптасып түсінгендерін орыс тілінің грамматикасымен салыстыра бір-біріне түсіндіреді, жауаптарын толықтырады, мұқият тыңдайды.

Ойларын жинақтап, ережеде  берілген сөйлемдерді негізге ала отырып  тақырыпты бағалауға кіріседі.

а) қазақ тілінің қай саласы зерттейді?

в) жазылудағы ерекшелігі

с) қолданылу аясы

 

 

белілген сөйлемдерді кезекпен оқиды да, сөйлемдегі кірме сөздер бойынша мұғлімнің сұрағына жауап береді.

Қазақстанның музыка өнері ғажап әрі көп қырлы.

Халық өнер адамдарын үнемі қастарлап, сый-құрмет көрсетіп отырған.

Белгілі әнші-композиторлар өшпес мұра, рухани байлық қалдырған.

Мүмкіндігінше жоғары дәрежелі сұрақтарға мұғалімнің көмегімен жауап береді.

 

 

 

 

 

 

I «Венн диаграмма» толтыру

(екі жолмен енген орыс тілінен кірген сөздерді бөлу, ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру)

II «бір адым» ойыны

(қанша кірме сөз есте қалғанын тексеру)

III терме диктанты

(араб-орыс тілінен енген сөздерді теру)

Қорытындылау  

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Сабақ бойы алған білімдерін жинақтау мақсатында кестенің үшінші көзін толтыру үшін екінші көздегі сөздерді қатыстырып бір сөйлем құруды тапсырамын.

 

 

   Не білдім?

 

 

 

 

Кірме сөздердің жазылуында  буын үндестігі сақталмайтындығы, орыс тілінен енген кей сөздерді қазақша икемдеп қолданатынын;

кірме сөздерді лексика саласы зерттейтіні және естерінде қалған кірме сөздерді айтады;

неге араб, парсы, монғол, орыс тілінен енген екені туралы келесі сабаққа дайындайтынын түртіп алады.

V. Үйге тапсырмасын  беру

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Үйге оқулықтағы ережені жаттау, 121 беттегі 2-тапсырма орындауды тапсырамын.

Тақтадан үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

VI. Бағалау  + рефлексия

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

 Бағалау парақтарындағы өзіндік бағаларын ескере отырып, жиынтық бағасын шығарамын.

Сабақ басында берілген бағалау парақтарына сыныпта атқарған жұмысын, тақырыпты қаншалықты түсінгенін және қорытынды бағасын жазып, мұғалімге тапсырады.

Категория: