III международный конкурс для педагогов и воспитателей «Публикация бесплатно»

 

Ислямова Шайзат Кабешевна

Ислямова Шайзат Қабешқызы

1. Аты — жөні, тегі: Ислямова Шайзат Қабешқызы

2. Туған жылы, айы, күні: 02.02.1952 ж.

3. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

4. Ұлты: қазақ, ұстанымы: Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар, Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. Қандай елде жүрсең де бұл, дұрысы, Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

5. Білімі (қашан, қайда): жоғары

а) Алматы шет тілдер педагогикалық институты, ағылшын тілі, 1973 ж.

ә) Мағжан Жұмабаев атындағы Мемлекеттік Петропавл гуманитарлық — педагогикалық колледжі, 2003 ж.

6. Диплом бойынша мамандығы:

а) ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

ә) қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

7. Жалпы білім өтілі: 40 жыл:

а) ағылшын тілі мұғалімі: 20 жыл

ә) қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, аудармашы — 20 жыл;

8. Санаты: I

9. Жұмыс орны: Петропавл қаласы, «Қасиетті Сергий Радонежский құрметіндегі орта мектеп» жеке меншік мекемесінде қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, аудармашы;

10. Біліктілігін көтеру курсы: Петропавл қаласы, 2004 жылғы 29 қараша — 4 желтоқсан; Тақырыбы: «Орыс мектебінде қазақ тілі сабағына жаңа технологияларды енгізу;

11. Әдістемелік тақырыбы: «Жеке тұлғаға бағыттап оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту»

12. Марапаттары мен жетістіктері:

1. Торғай облысы, Қима аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы, 1990 жыл;

2. СҚО, Петропавл қаласының білім бөлімінің құрмет грамотасы, 2007 жыл;

3. Петропавл қ. мәдениет ж/е тілдерді дамыту бөлімінің «Үздік аудармашы» байқауының «Алғыс хаты», 2007 жыл;

13. Әуестігі: ән айту, көркем әдебиет оқу.

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев (1893—1938)

Ислямова Ш.Қ.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу; Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейін көтеру; ойлау белсенділігін, ой — өрісін арттыру; сөздік қорын молайту; мәнерлеп сауатты оқи білуге баулу; оқыған мәтінді түсінуге, оны өз сөзімен айта білуге үйрету; Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке, төзімділікке, елін сүюге тәрбиелеу, ақын — жазушыларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жері

Ислямова Ш.Қ.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қазақстанның жері жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету, жазық, ойпат жерлерін айқындау; 2. Дамытушылық: сөздік қорын байыту, ой — өрісін кеңейту; 3. Тәрбиелік: оқушылардың білім алуға құштарлығын, ізденімпаздығын қалыптастыру;

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл — қазақ тілі

Ислямова Ш.Қ.

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік тіл туралы жалпы мәлімет беру. Тіл туралы мақал — мәтелдер, нақыл сөздер айтқызу, оқушылардың ойлау белсенділігін, ой — өрісін, сөздік қорын молайту. Мемлекеттік тілге қызығушылық тудыру, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, түсіндіру, блиц — турнир

 

Шығыстану ғылымының «құйрықты жұлдызы» — Шоқан Уәлихановтың тұлғасы — орыс ғалымдарының хатынан

Ислямова Ш.Қ.

Сабақтың мақсаттары: білімділік: Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы айтып білім беру; дамытушылық: эпистолярлық жанр туралы түсінік беріп, сөйлесу дағдысын қалыптастыру; тәрбиелік: ғылымның қалдырған мұрасы арқылы оқушыларды таныстыра отырып, мақтаныш, құрмет сезіміне баулу.

 

Подписка на RSS - Ислямова Шайзат Кабешевна