Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Лексика-грамматикалық тақырыптарына байланысты орыс тілінде оқитын колледж оқушыларының білімін тексеруге,бақылауға арналған тестік сауалдар

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Бейсенова Гульмира Мажкеновна қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, СҚО колледжі Петропавловск қ.

Лексика-грамматикалық тақырыптарына байланысты орыс тілінде оқитын колледж оқушыларының білімін тексеруге,бақылауға арналған тестік сауалдар

Лексикалық бөлім

Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

а) ағылшын; ә) славян; б) түркі; в) қырғыз;

2. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе ие болды?

а) 1987; ә) 1988; б) 1989; в) 1991;

3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенты қай жылы сайланды?

а) 1992; ә) 1991; б) 1990; в) 1993;

4. Қазақстан Республикасының қандай рәміздері бар?

а) жалау, конституция, парламент: ә) елтаңба, президент, мемлекет;

б) ән – ұран, сайлау, ұлттық валюта; в) елтаңба, ту, ән – ұран;

5. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы заң қашан қабылданды?

а) 1991 жылы 1 желтоқсанда; ә) 1992 жылы 4 маусымда;

б) 1993 жылы 20 қантарда; в) 1990 жылы 4 шілдеде;

6. «Конституция» сөзінің аудармасын табыңыз:

а) Заң; ә) Отан; б) Ата заң; в) Нұсқау;

7. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?

а) 1990 жылы 10 қараша; ә) 1991 жылы 16 желтоқсан;

б) 1992 жылы 22 қыркүйек; в) 1991 жылы 1 желтоқсан;

8. Қай жылы ұлттық теңгеміз айналымға түсті?

а) 1992 жылы 16 қараша; ә) 1993 жылы 15 қараша;

б) 1991 жылы 14 ақпан; в) 1994 жылы 1 қантар;

9. Ана тілі туралы мақал – мәтелдерді табыңыз:

а) Ана сүті бой өсіреді,Ана тілі ой өсіреді;  ә) Тіл – тарих аманаты;

б) Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір; в) Туған жерім – алтын бесігім;

10. Қазақстанның ел ордасы қандай қала?

а) Алматы; ә) Петропавл; б) Астана; в) Көкшетау;

11. Бір жылда неше жыл мезгілдері бар?

а) 5; ә) 12; б) 4; в) 7;

12. «Қыс» мезгілінің айларын табыңыз:

а) қараша, желтоқсан, сәуір; ә) желтоқсан, қантар, ақпан;

б) қантар, ақпан, сәуір; в) ақпан, сәуір, қараша;

13. Қыс мезгілінің ауа –райы қандай болады?

а) суық, боранды; ә) жаңбырлы, ыстық; б) желді, сазды; в) ыстық, самалжерді;

14. Наурыз мерекесі қай мезгілде тойланады?

а) қыста; ә) көктемде; б) жазда; в) күзде; 

15. Біздің өлкеміз қай өлке?

а) Шығыс Қазақстан; ә) Батыс Қазақстан; б) Солтүстік Қазақстан; в) Оңтүстік Қазақстан.

16. Отбасы мүшелерінің атауын тап:

а) әке, шеше, ата, әже; ә) орман, ағаш, өсімдік; б) нан, сүт, май; в) тау, су, от.

17. Солтүстік Қазақстан өлкесінде не өңдіріледі?

а) мақта; ә) астық;  б) мұнай; в) алтын.

 18. Қабанбай батырдың батырлығы үшін қойған аты қалай?

а) «Күшті»;  ә) «Дарабоз»;  б) «Талуан»;  в) «Қайсар».

19. Қанжығалы қарт Бөгенбай кім болған?

а) батыр;  ә) суретші; б) жазушы; в) хан

20. Махамбет кіммен бірге көтеріліске шыққан?

а) Сырым; ә) Исатай;  б) Амангелді;  в) Ескендір.

21. Махамбет қай ханға қарсы сөйлеген?

а) Тәуке;  ә) Жәңгір;  б) Қасым;  в) Аблай.

22. «Отансыз адам – ормансыз бұлбул» мақалының орысша аудармасын табыңыз:

а) Родная земля – золотая колыбель;

ә) Человек без Родины, как соловей без леса;

б) Сила есть, ума не надо;

в) Чистота – золог здоровья.

23. Мақалды аяқтаныз «Адал достық – алтыннан ...»:

а) ауыр;  ә) қымбат;  б) жаркын;  в) жеңіл.

24. Қазақ тілі сабағында біз ... сөйлейміз деген сөйлемде керекті сөзді дұрыс колданыңыз:

а) қытайша  ә) қазақша;  б) немісше; в) өзбекше.

25. Мақалды аяқтаныз «Деңсаулық – зор ...»

а) қуаныш;  ә) байлық;  б) саулық; в) арқау.

Грамматикалық бөлім

1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

а) 40   ә) 41   б) 42  в) 33

2. Қазақ алфавитінде неше спецификалық әріп бар?

 а) 7   ә) 9   б) 5  в) 6

3. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?

   а) 3     ә) 2      б) 4   в) 5

4. Дауыссыз дыбыстар қандай топқа бөлінеді?

 а) қатаң, ұян, үнді  ә) дауысты, жуан, қатаң б) үнді, жіңішке, дауысты в) жуан, қатаң, қосарлы

5. Буын  түрлерін көрсетіңіз:

а) жіңішке, жуан, қосарлы   ә) ашық, тұйық, бітеу

б) тұйық, жуан, ашық  в) жуан, бітеу, жіңішке

6. Жіңішке сөзді белгілеңіз:

 а) сабақ  ә) аймақ  б) еңбек  в) асыл

7. Үнді дауыссыз дыбысы бар сөзді белгілеңіз:

а) мөр  ә) доп  б) қап  в) тақ

8. Жуан дауысты дыбыстар қатарын белгілеңіз:

а) а, о, ұ, ы, и (у)   ә) ә, ө, ү, і, е, и   б) а, ү, ы, е, и  в) п, б, в, р, л, ә, а

9. Сөздің құрамына енеді?

а) жұрнақ, жалғау, буын    ә) түбір, жұрнақ, жалғау

б) есімше, көсемше, үстеу   в) түбір, жалғау, сөз

10. Көптік жалғау жалғанған сөздер қатарын көрсетіңіз:

а) балалар, әкелер, аталар   ә) колледжге, тауға, мекемеге

б) суретші, әнші, оқытушы  в) асыл, мықты, қуаныш, табыс

11. Тәуелдік жалғаулары жалғанған сөздер қатарын көрсетіңіз:

а) дүкендер, шаралар, кәсіптер   ә) үйім, үйің, үйі   б) ұстазбын, студентпін, оқушымын в) талапқа, отбасына, дәрежеге

12. Жіктік жалғаулары жалғанған сөздер қатарын көрсетіңіз :

а) еңбегі, табысы, кәсібі   ә) адамсын, азаматпыз, дәрігермін

б) үлгілі, сыпайы, мейрімді   в) достар, замандастар, әріптестер

13. Қазақ тілінде неше септік бар?   

а) 7    ә) 5     б) 6      в) 9

14. Ілік септік жалғаулары бар сөздер қатарын көрсетіңіз:

а) ағамның, досымның, дәптердің   ә) ауылға, сапарға, жиналысқа

б) ағаммен, досыммен, дәптермен   в) ойынға, баққа, биікке

15. Сын есімнің сұрақтарын көрсетіңіз:

а) не қылды? не істеді?  ә) кімнің? ненің?  б) қандай? қай?  в) кімдер? нелер?

16. Сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз:

а) кімнің? ненің?  ә) неше? қанша?  б) қайда? кімге?  в) кай? қайсысы?

17. Етістік қызметін аттарын тұрған сөздер қатарын табыңыз:

а) әдемі, көркем, ажарлы  ә) тау, көл, өзен  б) жазды, кетті, келді  в) арман, ой, сана

18. Болымсыз етістікті белгілеңіз:

а) сенбе  ә) келді  б) ұш  в) тездет

19. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз:

а) хатшы ә) қыс  б) қазір  в) бауыр

20. Мезгіл үстеу көрсетіңіз:

а) мұнда   ә) биыл  б) әсер  в) еркің

21. Мөлшер үстеудің сұрақтарын көрсетіңіз:

а) қанша? қаншадан?  ә) қалай? кім? б) қалай? қалайша? в) не себепті? неге?

22. Сұраққа жауап бер: «Басқа тілдерге кім аударады»?

а) орманшы  ә) сатушы 

б) аудармашы в) ақын

23. Үш буыннан тұратын сөзді көрсет:

 а) жазамын   ә) айту   б) барар    в) бармақшымын  

24. Қазақ тілінде етістік сөйлемнің ... келеді.

а) басында  ә) соңында  б) ортасында       в) білмеймін

25. Қазақ тілінде неше жалғау бар?

а) 7           ә) 5       б) 4            в) 3                 

Пайдаланған әдебиет:

  1. Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест Қазақ тілі «Шың» Кітап – Алматы – 2006
  2. Мурзагельдинова О.И. Сборник тестовых заданий по казахскому языку 9 кл Кокшетау – 2009
  3. Саутова Т.А. Учебно-методический комплекс по казахскому языку Петропавловск – 2000г
Категория: