Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

«Құммен анимация»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Көркем сурет студиясының мұғалімі: Генджебаева С.Н.

Генджебаева София Нармухамметовна

Білім беру саласы: Шығармашылық,таным.

Бөлім: Бейнелеу өнері.

Мақсаты: Балалардың өз қиялын көрсете білуге мүмкіндік беру,шығармашылық дамуын жетілдіру. Балалардың өз сезімін, эмоциясын суреттеуге жағдай жасау. Ұсақ қол қимылдарын, сипап-сезу сезімін дамыту. Өз бетімен, өз-өзінің қиялымен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу. Танымдық қызығушылығын ояту.

Қатысушылар: Мектепалды даярлық топ балалары.

Қажетті құрал-жабдықтар: Құм үстелі, кварцталған құм, проектор, әуенді дисктер.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Табиғат — Ананың мұңы

2. Тосынсый сәті: «Құм адам кіруі»

3. Құммен анимация.

(Әуен: «Табиғат-Ана»)

Табиғат-Ана: Армысыңдар, халайық! Менің мұңды жүзімді көріп көңілдерің түсті ме? Мен жылаймын, мен мұңаямын. Өйткені айналының барлығы ластанып жатыр, өндірістік қалдықтар менің тынысымды тарылтады. Маған көмек керек. Мен табиғатты жандандыруым керек.

Көмекшілердің міндетті түрде жүректері таза, ақылдары жүйрік, қиялдары шексіз болу керек.

(Сиқырлы әуен: «Құм адамның кіруі»)

Құм адам: Армысыңыз, Табиғат-Ана!

Табиғат-Ана: Армысың, Құм адам!

Құм адам: Табиғат-Ана, сізге не болды? Біз сізге көмектесеміз.Бірақ оған бізге сиқырлы құм керек. Құмның кереметі мен сиқыры шексіз.Құммен ғажайып анимация жасаймыз.Табиғатты жандандырамыз.

Табиғат-Ана: Балалар біз ең бірінші ауаны тазартуымыз керек. Балалар, ауаны не тазартып тұрады?

Балалар: Ағаштар.

Табиғат-Ана: Ия, дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз ағаштардың суретін құммен бейнелейік. Ал жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз.

Табиғат-Ана: Ия.дұрыс. Ал көмекшілерім сиқырды бастайық.

(Әуен: «Күз мезгілі»)

Табиғат-Ана мен балалар күз мезгілін бейнелейді, әуен сүйемелдеуімен.

Табиғат-Ана: Балалар, күз мезгілінде табиғатта көп өзгерістер болады. Қазір қатты жел еседі. Сосын сиқырымыз жалғасады.

(Әуен:  «Желдің дауысы«)

Табиғат-Ана жел тұрғызады. Қолмен жел жасап,сурет өшіріледі.Құм үстелін тегістейді.

Табиғат-Ана: Енді балалар біз көмекшілерімізді бейнелейік.Балалар жамандықты жақсылық жеңетініне сенеміз.

Балалар: Біз көмекшілердің суретін салайық. Ең ғажайып, ақылды балалардың суретін бейнелейік.

(Әуен: «Көңілді балалар»)

Табиғат-Ана мен балалар балалардың суретін салады.

Табиғат-Ана: Балалар, біз осы істеген жұмысымызға жан бітіру үшін достығымызды біріктірейік.

Балалар: Ия, ендеше барлығымыз дос болайық.

(Әуен: «Достық»)

Табиғат-Ана мен балалар бірігіп алақандарын қойып достық белгісін бейнелейді.

Барлығы бірге: «Біз ғажайыпқа сенеміз»

(Әуен: «Қоштасу»)