III международный конкурс для педагогов и воспитателей «Публикация бесплатно»

 

«Көрінбейтін ауа»

 

Версия для печатиВерсия для печати
 

Майтынова Гулнур Куанышбековна тәрбиеші, СҚО Айыртау ауданы Саумалкөл с. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің «Колосок» ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Көрінбейтін ауа»

Мақсаты: Ауаны байқау тәсілдерін көрсету. Ауаның қасиеттерімен, оның адвм, жануарлар және өсімдіктердің өміріндегі рөлімен таныстыру. Балалардың тәжірбиені өткізуге деген қызығушылығын дамыту, өз ойлары мен ұсыныстарын айта білуге үйрету.

Алдын- ала жұмыс: «Ауа» түсінігімен таныстыру.

Көрнекілік құралдары: Дорба, үлкен және кішкентай әйнек ыдыстар, су, түтікшелер, слайд.

Балалар, шеңберге тұрып шаттық шеңберін жасайық.

«Шаттық шеңбері»
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!

(Шеңберге тұрып өлең сөздерін айтады, бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.)

Балалар, менсендерге жұмбақ жасырамын, табуға тырысыңдар.

Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (күн)

Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды
Сақтамасақ — қорын тек,
Барша тіршілік құрғайды. (су)

Түсі бар көрінбейтін,
Бір тұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тіршіліктің
Ешқашан жерінбейтін. (ауа)

— Дұрыс. Ол ауа, күн және су.

— ал біз осы табиғаттың, бізге берген сыйының қандай пайдалары бар екенін талқылаймыз.

— Күннен біз жылу аламыз, күннің көзі біздің денемізді әр түрлі микроптардан қорғайды және адамнан басқа да жануарлар, өсімдіктер де күннің арқасында дамиды.

— Сусыз өмір жоқ. Су адамдарға, жануарлармен өсімдіктерге өте қажет.

— Ал ауамен біз және барлық тіршілік иелері дем алады. Ауа — ол табиғаттың бір ғажайып сыйы.

— Ауа қандай?

— Ауаны біз көреміз бе?

— Оны ұстай аламыз ба?

— Ауа көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін табиғат сыйы. Бүгін сол көзге көрінбейтін, өмірге қажетті ауаны тәжәрбие арқылы байқауға тырысамыз.

— Оны байқау үшін біз бірнеше тәжірбие жасаймыз. Тәжірбиені тек жасап қоймай сонымен қатар, нәтижесін түсіндіруге үйренеміз.

— Ендеше мен зерттеуші ғалым болам, ал сендер менің көмекшім боласыңдар.

— Бүгінгі тақырыбымыз «Көрінбейтін ауа», яғни көрінбейтін ауаны қалай байқауға болатынын үйренеміз.

— Мен сендерді өзімнің кішкене зертханама шақырамын.

Іс-тәжірбиелер;

№ 1 тәжірбие

«Ауаны ұстап алайық»

— Үстел үстіндегі дорбаны аламыз. Оның ішінде не бар?

— Оның ішінде ештеңе жоқ.

— Ендеше оны ауамен толтырып, аузын бұрып ұстаймыз. Не болды?

— дөңгелек допқа айналды.

— Ал, дорбаның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

Дорбаның ішінде ауа бар.

— Енді таяқшамен тесіп, бетімізге жақындатып дорбаны қысамыз. Не сезіп тұрсыңдар?

Бетімізге жел соғып тұр.

— Нәтиже- ауа көрінбейді, оны дорбамен ұстап, байқаймыз сеземіз.

№ 2 тәжірбие. «Ауаны сезейік».

— Алдымызда тәрелкеде желпеуіш тұрсоны қолға алып, жәймен қозғап, желпиміз.

— Не сезіп тұрсыңдар?

— желді.

— Біз ауаны көрмейміз, бірақ оны сеземіз.

— Нәтиже ауа қозғалысы ол — жел. Желді сеземіз.

№ 3 тәжірбие. «Келесі тәжірбиеміз ауаны байқауға арналады».

— Алдарыңдағы үлкен ыдыста не бар?

— су бар.

— осы суға екінші кішкентай ыдысты батырамыз. Не байқадық?

— ыдысымыз батпайды.

— неліктен, онда не бар?

— ішінде ауа болғандықтан батпайды.

— Дұрыс, ыдыстың ішінде ауа бар, ол суды жібермейді.

— Нәтиже- ыдыстың ішінде ауа бар сондықтан су кірмейді.

Тәжірбиемізді жалғастырамз.

— Енді кішкентай ыдысты қисайтамыз, қандай өзгеріс болды? Не себептен?

— өйткені оның ішіне су толып жатыр. Су ауаны шығарып, ыдыс бата бастайды.

— Нәтиже- ыдыстағы ауа шығып, суға толды.

Сергіту сәті.

Күн болып жанайық,
Мөлдір су болып ағайық.
Гүл болып жайнайық,
Терең-терең дем алып,
Жүгіріп-жүгіріп алайық.

— Бүгінгі тәжірбиемізде нені зерттеп жатырмыз?

— ауаны.

Біз алдағы тәжірбиемізде ауаны сезуге арнасақ, ендігі тәжірбиеміз ауаны байқауға арнаймыз.

№ 4 тәжірбие. «Судың астындағы ауаны байқау»

— Бәріміз дем шығарайық. Біз не шығарып жатырмыз?

— ауаны

— Ал ауаны көріп тұрсыңдар ма?

— жоқ

— Ауаның түсі, дәмі бола ма? Ауа қандай?

— ауаның түсі, дәмі болмайды, ол көрінбейді.

— Ендеше бәріміз түтікше алып үрлейміз, дем шығарғанда ауаны көріп тұрсыңдар ма?

— жоқ

— Түтікшемен алдымыза тұрған суға үрлейік, не байқадыңдар?

— көпіршіктер

— Дұрыс көпіршіктер, олар қайда кетті?

— Неліктен?

— Нәтиже- ауа суда көпіршікке айналады, ауа судан жеңіл болғандықтан судың бетіне көтеріліп ұшып кетеді.

Ауа судан жеңіл.

Біздер таза ауамендем аламыз, кері көмірқышқыл газын шығарамыз. Ал бізге ауаны тазартуға кім көмектеседі? (өсімдіктер). Ендеше бізді қоршаған орта табиғатты қорғайық, ағаштар және гүлдерді көп қылып егейік, оны қорғайық.

Қортынды

— балалар бүгін сабақта не туралы әңгімеледік?

— бүгін біз ауаның қандай болатынын білдік пе?

— ауа не үшін қажет?

Балалар сұрақтарға жауап береді, жасаған тәжірбиелерін айтады.