Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Қазақстан — ортақ үйіміз

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Караулова Айжан Мейрмановна учитель казахского языка и литературы, стаж 23 года, первая категория. КГУ «Гаршинская средняя школа» СКО район имени Г.Мусрепова с.Гаршино

Қазақстан — ортақ үйіміз

Айы, күні

2.09

             9-сынып

 

Сабақтың атауы:

Қазақстан – ортақ үйіміз

 

Мақсаты:

Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету;

Болашақты жасайтын–қазііргі жастар екенін ұқтыру;

Қазақ тілі курсына енгізу.

 

Оқу нәтижесі:

Мәтінмен жұмыс істеуге үйренеді;

Өз білімін тәжірибеде қолданады;

Сөздік қорларын толықтырады.

 

Әдіс тәсілдер:

Оқыту  мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;+

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту  мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік  технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және  көшбасшылық

 

Дереккөздер:

Ноутбук . Слайд «Қазақстан»

Оқулық

Сөздіктер

 

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Психологиялық даярлық «Атом молекулалары»

2. Шартты таңбалармен, оқулықпен танысу

3. Сабақ құрылымына шолу жасау

4. Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс

5. Мәтінмен жұмыс

6.Топқа бөліну

7. Топтық жұмыс

8. Рефлексия

9. Бағалау

10: Үйге тапсырма алу

 

1.Психологиялық даярлық «Атом молекулалары». Оқушыларға тренинг барысын түсіндіріп, ойынды өткіземін, олардан қандай көңіл-күйде екендерін, тренинг маңызының неде екенін сұраймын.

3.Топтарды оқулықтағы шартты таңбалармен танысуға шақырамын. Ол үшін әр топ өз оқулыңын қысқаша презентациялайды.

4. Сабақта не істейтіндіктеріне  шолу жасаймын. Тақтадан сабақ эпиграфымен танысу, әндету:

Қайда жүрсең Атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен.

Қ.Мырзалиев.

Атамекен – ата-бабаларымыз  мекен еткен, ұрпақтан–ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырған жер. Туған жер.

5. Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс, жалпы орындайды. Мұғалімнің оқуы, оқушылардың айтып үйренуі, мағынасына көңіл бөлу:

Ірі мемлекет, ұлыс, еркін адамдар, металл өндіру, ұлт өкілдері, өсіру-егу, кең-байтақ жер, сирек, шектеседі, мұнай,

машина жасау, газ шығарылады, темір, батыс шекарасы, мыс, темір, алтын-сөздерді қалай түсінетіндіктерін байқау.

Ірі мемлекет сөз тіркесімен ауызша сөйлем құрату: Қазақстан – ірі мемлекет. Ірі мемлекеттер достастығы жарасқан, өзара қарым-қатынастаыр орнатып отырған елдер баршылық.

Мұнай не? Зат есім. Шикізат атауы

Мұнай өндіру

Мемлекетіміз мұнай өндіреді.

5. Мәтінмен топтық  жұмыс. Әр жұп бірге оқып талдайды, бір-біріне түсіндіреді.

Қазақстан – ортақ үйіміз

    Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы ірі мемлекеттердің бірі. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасында негізгі мемлекет құрушы ұлт – қазақтар. Қазақстан жері – кең-байтақ. Шекараның ұзындығы 14,6 мың шақырымға жуық. Шекарамыз солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия республикаларымен және батысында Каспий теңізімен шектеседі. Шекарамыз Алтай тауларынан  Каспий теңізіне дейін, Тянь-Шань тауларынан Орал тауларына дейін созылып жатыр. Қазақстан аумағы 2,7 миллион шаршы шақырымнан астам. Мұнда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар бар.

     Республиканың әр аймағы бір-бірімен табиғат және экономикалық  жағдайларына байланысты ерекшеленеді. Егер республикамыздың бір жерінде металл өндіру, машина жасау, химия өнеркәсібі болса, екінші жерінде мақта, қант қызылшасы өсіріледі немесе мұнай, темір, алтын, мыс мол. «Жері байдың-елі бай» дейді қазақ халқы.

7. Дұрыс па – бұрыс па?

  1. Қазақстанда  130-дан астам ұлт пен ұлыс тұрады.
  2. Шекараның ұзындығы 18,5 мың шақырымдай.
  3. Шекарамыз шығысында Ресеймен, оңтүстігінде  Қытаймен,  батысында Орта Азия республикаларымен және солтүстігінде Каспий теңізімен шектеседі.
  4. Қазақстан  Еуразияның орталығында орналасқан.

8. Дәптердегі өзіндік жұмыс: 11-тапсырма. Өзара дәптер алмасу және тексеру.

 

Топқа  бөлу:

2.Топта жұмыс істейтінімізді ескертіп, стиктер арқылы жұпқа бөлемін: 1-топ, 2-топ

 

 

Тапсырмалар:

Тапсырма № 1

9.Жаңа сөздерді қайталау.

Тапсырма № 2 (Инклюзивті оқыту) — Денис

Жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау.

 

Сергіту сәті

6. Ноутбуктан Қазақстан туралы слайд көру.

 

Үйге тапсырма

12: Үйге тапсырма: 6-тапсырма, 8-бет. Сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіру.

 

Рефлексия

10. Рефлексия. «2 жұлдыз, 1 тілек»

 

Бағалау:

11. Бағалау парағымен жұмыс жасау.

 

Категория: