Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Қазақ тілі сабақтарында мүмкіндігі шектеулі балалармен дидактикалық ойындарды қолдану

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Камалиева Торгын Муратовна, преподаватель казахского языка, вторая квалификационная категория высшего уровня,
КГКП «Специальный детский сад № 13 „Алтынай“» город Экибастуз

Камалиева Торгын Муратовна

Дамуында ауытқуы бар мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу түзету педагогикасындағы ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ойындар сюжеттік-рөлдік, қимыл-қозғалыс, дидактикалық және дамыту-түзету ойындары болып бөлінеді.

Ойын — еңбекпен және оқумен қатар жүретін, адам әрекетінің негізгі түрлерінің бірі, біздің өмір сүруіміздің таңғажайып феномені. Ойын анықталуына қарай — өзінің мінез-құлқын басқаруда жүзеге асырылған және жинақталған, қоғамдық тәжірибені құру мен меңгертуге бағытталған оқиға әрекетінің бір түрі.

Ойынсыз бала өмір сүру мүмкін емес. Сонымен бірге, қазақ тілі сабақтары да ойынсыз өту мүмкін емес. Ойнай отырып бала қарапайым қатынастық элементтерді шешеді және өзіне білімсіз түрде жаңа сөздер мен грамматикалық құрылымды меңгереді.

Ойын — мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Қазақ тілі балабақшаларда ерекше пән болып табылады. Өзге тілге үйретуде балаға таныс айналаны қоршаған заттардың аттарына атап қана қоймай, оларды жаңа қырынан тани білу, заттардың ерекше белгілерін айқындай алуға үйрету қажет. Барлығы да: сөзді, сөз тіркесін жаттау дегендей оңай болса ғой. Бірақ кез-келген үлкен адамдар: өзге тілді үйрену — қадамнан соң қадам жасау екенін, басқа мәдениеттің әлемін ашу және тану екенін жақсы біледі.

Бірінші күннен бастап-ақ қазақ тіліне үйретуде әрбір балаға өзге тілдің маңыздылығы мен құндылығын басқа адамдар мен олардың мәдениетіне деген білімнің көзінің қарашығындай қарауды ұғындыру қажет.

Ең алдымен баланы басқа елдің балалар әлемі қызықтыруы қажет. Сондықтан да қазақ тіліне оқытуды үлкендердің нақты дәлелдері мен құбылыстары емес, оқытылатын елдің тілінің балалар мәдениеті басты назарда болуы тиіс.

Өзге тілді үйренуге деген ең қысқа көпір — ойын болып табылады. Ойын кезіндегі «бөтен» бөтен болудан қалады, ол өзінікі болып есептеледі, әлем өзімдікі және бөтен бөлінуді қойып, ойын жүргізуші және ойнаушыға айналады.

Ойын сабақты бала үшін мазмұнды, қызықты, эмоционалды маңызды етеді. Бірақ, ең бастысы, бала ойынмен және ойын ережелерімен танысып қана қоймай, өзінің тәжірибесінде басқа елдің балалар әлемімен де танысады. Ойын ойнағанда ең алдымен, қиялдау, бейнелі ойлау қабілеттілігі дамиды және жинақталады, ол өз кезегінде келешекте шығармашылық әрекеттің күрделі түріне көшуге негіз бола алады. Сонымен бірге, қиялды дамытатын ең қажетті дүние, өйткені, ол болмаса ең қарапайым адами әрекеттің өзі оның жанында түкке тұрмас еді. Ойын баланың дамуында басқа адамдармен өзара әрекеттесуге үлкен әсер етеді. Және бала үлкендермен ойын арқылы өзара әрекет пен өзара қарым-қатынасты жасай отыра, ережелерді меңгереді, өзінің әрекеті мен ниетін түсіндіруге, басқа балалармен келісуге үйренеді.

Жалпы алғанда ойын, ықыласты және еркін таңдалған әрекет, одан ләззат алуға болады. Ойын кезінде шығармашылық қабілеттерін дамытатын еркіндік, бастамалық, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың да: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтып кеткеніндей баланың өмірінде ойын ерекше орын алатыны белгілі. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз — жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Өз білімін жетілдіру тақырыбымда мына принциптерді негізге ала отырып, белгілі бір нәтижеге жетуді көздеймін.

Әдістеме принциптері

* Ойлау қызметі
* Жетістік жағдайы
* Шығармашылық
* Белсенділік
* Психологиялық жайлылық
* Бірегейлік
* Сабақтастық

Ойын ойнау кезінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің жұмысын өзгенікімен салыстыру қасиеттері қалыптастады. Сондай-ақ зейін, ес, қиял сияқты психикалық үрдістері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды, балалар сөз сөйлеу мәдениетін үйренеді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, адамдармен араласуға үйренеді. Және ойынды алғанда балалардың жас және психологиялық ерекшеліктері ескерілу қажет. Дидактикалық ойындарды ойнауда балалар суретті, ойыншықты, муляжды т. б. көзбен жақын көреді, қолмен ұстап көру арқылы салыстырады, пішініне, заттың түсіне назар аударады, сөйтіп оның назар салу, көру қабілеті, зейіні қалыптасады.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста баланың назарын өзіне аударатын, әрбір баланы қызықтыратын әдістемелік тәсілдер қолдану қажет. Мұндай балалар белсенді емес, заттармен және ойыншықтармен ойнау кезінде белсенді әрекет ету тілегі төмен. Сондықтан ұсынылып отырған әрекетке міндетті түрде балаға жағымды жағдай туғызып отыру қажет. Осы мақсатта да дидактикалық ойындар дәл қызмет етеді.

Мақсаттары:

Білімдік мақсаты:

• Оқыту материалын балаларға тереңдете меңгертуге жағдай құру;
• Балалардың ой-өрісін кеңейтуге жағдай құру.

Дамыту мақсаты:

• Балалардың шығармашылықпен ойлауын дамытуға жағдай құру;
• Сабақ үстінде меңгерген білік пен дағдыларын тәжірибеде қолдана алуға жағдай құру.

Тәрбиелік мақсаты:

• Адамгершілік құндылығын бағалауға тәрбиелеу;
• Өзін жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге жағдай құру.

Дидактикалық ойын — үлкендердің баланы оқытудағы әрекеттестіктің бір түрі болып табылады. Сонымен бірге ойын — балалар әрекетінің негізгі түрі болып есептеледі. Сол үшін де дидактикалық ойындар екі мақсатты болады: оның бірі үлкендердің жетекшілігімен жүретін оқыту түрінде болса, екіншісі- ойынды, мұнда бала өзі әрекет етеді. Ең бастысы, бұл екеуі бір-бірін толықтырып және бағдарламалық материал меңгертіліп отырғаны дұрыс.

Дидактикалық ойындардың қызметі

* Оқытушылық
* Тәрбиелік
* Қатынастық
* Сауықтырушылық
* Релаксациялық
* Психологиялық
* Дамытушылық

Дидактикалық ойын — бұл оқыту құралы, сондықтан оны балалармен сабақтарда және бос уақыт кезінде кез-келген бағдарламалық материалды меңгеруде қолдануға болады. Оқытуда дидактикалық ойындарды нәтижелі қолданудың маңызды шарттарының бірі — ойындарды іріктеу кезінде жүйелілікті сақтау. Ең алдымен, келесі дидактикалық принциптер есепке алыну керек: ойындардың болуы, жиілік, тапсырманы орындау реті. Дидактикалық ойындарда мынадай жағдайлар жасалады, белгілі бір жағдайда немесе кез-келген затпен әрекет ете отырып, қолмен сезіне отырып әрбір бала өз еркімен әрекет жасауға мүмкіндік алады. Бұл әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін маңызды, өйткені олардың заттармен әрекет ету тәжірибесі аз. Бұл ойындар түрлі материалдарды бірнеше рет қайталау кезінде тапсырмаға деген эмоционалды жағымды жағдайын сақтауды қамтамасыз етеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен ойынды ұйымдастыруда мына нұсқаулар ұсынылады:

• баланың қызығушылығын ойын арқылы оята алсақ, әрбір істі ойынға айналдыру қажет;
• баланың жас ерекшелініне қарай ойынды дұрыс таңдай білу;
• ойнау кезінде баланың алға жылжуын қадағалау, ойын кезінде асықтырмау;
• ойын жеткілікті қызықты, әрі жеңіл болуы қажет;
• баланың жалғыз ойнауын және өзгелермен ойыншығын бөлісе, бірлесіп ойнауына жағдай құру;
• ойын баланы қызықтыратындай ойынды және ойыншықты өзгертіп отыру;
• ойыншықтар таза, әдемі, ашық түсті, қауіпсіз болу керек.

Дидактикалық ойындардың түрлері. Барлық дидактикалық ойындар негізінен үш топқа бөлінеді, олар; заттық, үстел үсті және сөздік дидактикалық ойындар. Мүмкіндігі шектеулі балалармен сабақтарда мен заттық және үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындарды қолданамын. Дидактикалық ойындарды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер ұйымдастырады. Бұл ойындардың міндеті — балалардың бағытты және ортақ іс-әрекетін ұйымдастыру. Өз білімін жетілдіру тақырыбымда осы ойындардың ішінде мен дидактикалық ойындарды таңдадым. Дидактикалық ойындар: сөздікті толықтырады, және белсендіреді, дыбысты дұрыс айтуды қалыптастырады, байланыстырып сөйлеуді дамытады, өз ойын дұрыс айта білуді, балалар тілін дамытады.

Балалар ойын тапсырмалаларына қызыға көңіл бөледі. Табу, айту, атау, ойын тапсырмасын сапалы шешуге көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті дұрыс таңдау, жинау т. б. Балалар дидактикалық ойын барысында заттың сыртқы пішінін салыстырып, есте сақтауға үйренеді. Соынмен қоса, оның қоршаған орта туралы дағдысы бекиді; қабылдау, елестету, зейін, сөйлеу сияқты қабілеттері дамиды. Ойын баланың көңіл-күйін көтеріп, сергітетіні белгілі. Олай болса, есте сақтау қабілетін дамыту үшін өзім сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды ұсынамын.

«Не жоқ?»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау мен сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Қажетті құралдар: Суреттер, ойыншықтар, муляждар және т. б.
Ойын шарты: Мұғалім үстел үстіне үш-төрт суретті қояды, сосын балаларға көздерін жұмуды ұсынады. Балалар көздерін жұмған кезде мұғалім бір суретті жасырып қояды. Көздерін ашқанда қай сурет жоқ екенін сұрайды. Балалар үстелде «Не жоқ?» екенін тауып қуыршақ жоқ немесе доп жоқ—деп жауап беруі тиіс.

«Мынау не?»

Мақсаты: Мынау сөзін қосып айтуға жаттықтыру, сөз тіркесін құрату.
Қажетті құралдар: Тақырыпқа қатысты суреттер, карточкалар, ойыншықтар.
Ойын шарты: Сабақта үйренген жаңа сөздерді қолданып сөз тіркесін құрату. Мұғалім «Мынау не?» — деп сұрағанда бала мынау — қоян, мынау — машина, — жауап береді.

«Суретті жина»

Мақсаты: Жас ерекшелігіне қарай үшке немесе төрт бөлікке қиылған суреттерді жинап, не құрастырғанын айта алуға үйрету.

Қажетті құралдар: Әр балаға жеке үш немесе төрт бөлікке қиылған суреттер.
Ойын шарты: Ойын кезінде балалар берілген қиынды суреттерден толық сурет құрастырады және қандай сурет құрастырғанын айтады.

«Қарап ал да, есіңе сақта»

Мақсаты: Көру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Қажетті құралдар: ойыншықтар, суреттер.
Ойын шарты: Мұғалім екі немесе үш суретті баланың алдына қатарлап қояды, одан соң суретті қайталап айтқызып, одан соң теріс қаратады. Бала қай сурет қай жерде тұрғанын қаншалықты есте сақтағанын тексеру үшін алма қайда? — деп мұғалім сұрағанда бала тек сол суретті нұсқауы тиіс.

«Сиқырлы қалта»

Мақсаты: тілдерін жетілдіру, сұраққа жауап беру.
Қажетті құралдар: жануарлар, көкөністер, жемістер, әр түрлі заттар.
Ойын шарты: Мұғалім қалтадан ойыншықты алып «Мынау қоян ба?» деп сұрайды. Балалар иә немесе жоқ деп жауап береді.

«Дидактикалық юбка»

Мақсаты: Лексикалық қорды бекіту
Қажетті құралдар: Түрлі-түсті қалташалары бар дидактикалық юбка.
Ойын ережесі: Мұғалім юбканы киеді. Қалтасында ойыншықтар, сандар бар. Олар қалтаның түсіне сәйкес келмеуі мүмкін.

«Жұмбақ ағаш»

Мақсаты: «Жануарлар», «Түстер» тақырыбы бойынша лексиканы бекіту.
Қажетті құралдар: жеміс-жидектері бар ағаштар немесе кішкентай себеттер.
Ойын шарты: Мұғалім айтады: «Біздің сиқырлы ағаштың жұмбағы бар»- дейді. Балалар ағаштан себетті кезекпен алып, онда не бар екенін қарайды және не жасырынғанын айтады.

«Асбұршақ терапиясы»

Мақсаты: балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру.
Қажетті құралдар: асбұршақ салынған ыдыс, ұсақ ойыншықтар.
Ойын шарты: Бала қолын ыдыс ішіне салып асбұршақ ішінен ойыншықты алып, қандай ойыншық алғанын атайды.

Дамуында ауытқуы бар мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу түзету педагогикасындағы ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ойындар сюжеттік-рөлдік, қимыл-қозғалыс, дидактикалық және дамыту-түзету ойындары болып бөлінеді. Өз білімін жетілдіру тақырыбымда осы ойындардың ішінде мен дидактикалық ойындарды таңдадым.

Дидактикалық ойын — ересектердің баланы оқытудағы әрекеттестіктің бір түрі болып табылады. Сонымен бірге ойын — балалар әрекетінің негізгі түрі болып есептеледі. Сол үшін де дидактикалық ойындар екі мақсатты болады: оның бірі ересектердің жетекшілігімен жүретін оқыту түрінде болса, екіншісі — ойынды, мұнда бала өзі әрекет етеді. Ең бастысы, бұл екеуі бір-бірін толықтырып және бағдарламалық материал меңгертіліп отырғаны дұрыс.

1.Мақсаты:

— балалардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тілді құрметтей білуге баулу.
— тіл білуге деген құштарлықтарын ояту.
— дидактикалық ойындар арқылы балалардың тілдерін және ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

2. Міндеттері:

— жалпы тіл кемістігі бар және психикалық дамуының тежелуі бар арнайы балабақша балаларына арналған дидактикалық ойындарды іріктеу, жинастыру, жас деңгейлеріне сай топтастыру.
— ойын түрлері арқылы балалардың түсініктерін қалыптастыру.
— қайталату, ойын, сұрақ-жауап т. б тәсілдерін қолдану арқылы балалардың көру, есту, ойлау, есте сақтау т. б қабілеттерін жетілдіру.
— балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында оқу үрдісіне жаңа технологияларды (ноутбук, компьютер т. б.) тиімді қолдану.
— сергіту сәтіне арналған папка жинағын құрастыру.
— диагностикалық картада оқу қорытындыларын бақылап отыру.

3. Тақырыптың өзектілігі мен әдіс-тәсілдері.

Ойын ойнау кезінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің жұмысын өзгенікімен салыстыру қасиеттері қалыптастады. Сондай-ақ зейін, ес, қиял сияқты психикалық үрдістері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды, балалар сөз сөйлеу мәдениетін үйренеді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, адамдармен араласуға үйренеді. Және ойынды алғанда балалардың жас және психологиялық ерекшеліктері ескерілу қажет. Дидактикалық ойындарды ойнауда балалар суретті, ойыншықты, муляжды т. б. көзбен жақын көреді, қолмен ұстап көру арқылы салыстырады, пішініне, заттың түсіне назар аударады, сөйтіп оның назар салу, көру қабілеті, зейіні қалыптасады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға тәрбие берудің және дағдыларды дамытудың бірден-бір жолы — ойындар арқылы дамыту болып табылады. Өйткені қандай бала болмасын ойын арқылы өсіп жетіледі. Ойын ойнау кезінде бала ешнәрсеге тәуелді болмау керек, яғни өзін еркін сезінген дұрыс. Ал, еркіндік — дамудың қажетті баспалдағы болып саналады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында дидактикалық, үстел үсті ойындарымен бірге саусақпен ойналатын ойындардың маңызы зор деп саналады. Саусақпен ойналатын ойындар ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан, адамзаттың даму тарихында үлкен орны бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жәндіктер мен құстарды тануға мүмкіндік алады. Саусақ қозғалысына қарай бала қуанып, шаттанады, сөзді қайталауға тырысады, ұсақ қол моторикасы мен есте сақтау қабілеті дамиды, ойынға деген құштарлығы артады.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен ойынды ұйымдастыруда мына нұсқаулар ұсынылады:

— баланың қызығушылығын ойын арқылы оята алсақ, әрбір істі ойынға айналдыру қажет;
— баланың жас ерекшелініне қарай ойынды дұрыс таңдау;
— ойнау кезінде баланың алға жылжуын қадағалау, ойын кезінде асықтырмау;
— ойын жеткілікті қызықты, әрі жеңіл болу қажет;
— баланың жалғыз ойнауын және өзгелермен ойыншығын бөлісе, бірлесіп ойнауына жағдай құру;
— ойын баланы қызықтыратындай ойынды және ойыншықты өзгертіп отыру;
— ойыншықтар таза, әдемі, ашық түсті, қауіпсіз болу керек.

4. Сабақта қолданылатын дидактикалық ойындардың түрлері.

Сабақ жоспарын құруда технологиялық картада баланың мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктері есептеліп отырады. Мотивациялық-қозғаушы бөліміне 2-3 минут бөлінсе, негізгі кезең — ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңі негізінен ойын түрінде құрылады. Жаңа тақырыппен танысу, сөздерді қайталату, сол арқылы тілдерін жаттықтыру, суреттермен жұмыс жүргізу, ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау, дыбыстық жаттығу, сергіту сәті, суреттерді санату, түстерін атату, бекіту жұмыстары — барлығы 20-22 минут ішіне кірігеді. Балаларға мемлекеттік тілді үйрету — өте күрделі үрдіс. Әсіресе, өзге ұлт балаларын сөйлету, ерекше дыбыстарды бұрмалатпай дұрыс айтқызу, қайталату — үлкен қажырлы еңбекті талап етеді. Мүмкіндігі шектеулі немесе психикалық даму тежелген балалар үшін сабақта қолданатын түрлі дидактикалық, үстел үсті, логикалық, сөздік ойындарды құрастыруда олардың жас ерекшеліктерін де ескердім. Көрнекі үлгілеу әдісі баланың жаңа сөздерді есте сақтауына көп септігін тигізетіні белгілі. Өкініштісі кейбір балалар мүлдем сөйлемейді, кейбірі сөйлей білгенмен қайталамайды, біреулері қазақша сөздерді айтуда қиналып, мұғалімнің аузына қарап қана айтылған сөзді қайталап айтады. Сабақтың мотивациялық-қозғаушылық кезеңінен бастап ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңінің барлығы ойын түрінде құрылады. Жиі қолданылатын ойын түрлері «Тыңда да, қайтала», «Мынау не?», «Дұрыс ата», «Қарап ал да есіңе сақта», «Аудармашы», «Дұрыс көрсет», «Мынау кім?», «Не жоқ?», «Тыңда, қайтала, көрсет» кез келген тақырыпқа байланысты «Қоянды көрсет», «Доп қайда?» және тағы басқалары. Одан басқа дыбыстық жаттығу жүргізіледі, балалармен алдымен буындарды одан соң сөзді қайталаймыз. Мыс; -ю-ю-ю-аю-аю, -шақ-шақ-шақ-қуыршақ-қуыршақ т. б. Дыбыстық жаттығудың ерекшелігі ерекше дыбыстардың дұрыс, анық айтылуы қадағаланады, жаңадан үйренген сөз бірнеше рет қайталанып, бекітіледі. Сабақ ортасында сергіту сәтін өткізудің де маңызы зор. Балалар отырып жалыққан соң, сергігенді қалайды. Сабақ тақырыбына сай сергіту сәтін де дұрыс таңдаған жөн. Айтып кететін болсам;
Бір, екі, үш (бірінші қолдың саусақтарын кезекпен ашқызу)
Жинап алдым күш. (білекті ашып-жұмғызу)
Бір, екі, үш (екінші қолдың саусақтарын кезекпен ашқызу)
Ұш, ұш, ұш (екі қолдарын жоғары көтереді)

Одан басқа:
Отырамыз, тұрамыз, (қолдарын алға созып жүресінен отырады)
Топ-топ, топ-топ басамыз. (қолды белге қойып, 4 рет аяқты топ-топ басады)
Отырамыз, тұрамыз. (қолдарын алға созып жүресінен отырады)

Демаламыз, бәріміз. (үлкен шеңбер жасап, мұрынмен дем тартып, ауыздан шығарады) Осылайша, балалардың сабақта жалығып кетпеуіне жол бермеу, ойлағаныңды кез-келген әрекет арқылы жүзеге асыру үлкен мақсатқа қол жеткізеді.

Қорытындылай келе балалардың дидактикалық ойындарға қызығушылықтарын арттыру үшін ойыншықтардың әр түрлі болуы өте маңызды, сонымен бірге оларды топтасып ойнай білуге, ойыншықтарын жанындағы балалармен бөлісе білуге үйрету және ынталандырып отыру қажет деп білемін.