Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Қазақ халқының сәндік бұйымдарының ішінде күмістен жасалған бұйымдарының емдік қасиеті

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Имамбаева Гүлнара Ағзамқызы жоғары деңгейлі II санатты қазақ тілі пәні мұғалімі «Тоқшын мектеп-гимназия» КММ СҚО Аққайың ауданы, Тоқшын селосы

Бағыты: мәдениеттану
Секция: медицина

Орындаған: Әбдусадықова Сандуғаш 5 «А» сынып оқушысы Тоқшын мектеп-гимназиясы Аққайың ауданы Солтүстік Қазақстан облысы

Мазмұны

Аңдатпа.......................................................................2
Кіріспе.........................................................................3-4
1.1. Күмістің сипаттамасы......................................4-5
1.2. Күміс бұйымдарының емдік қасиеті..............5-7.
Қорытынды.................................................................10
Пайдаланған әдебиеттер.............................................11
Қосымшалар................................................................

Аңдатпа

Осы «Қазақ халқының сәндік бұйымдарының ішінде күмістен жасалған бұйымдарының емдік қасиеті» атты зерттеу жұмысын 5 «А» сынып оқушысы Әбдусадықова Сандуғаш жүргізген. Осы зерттеу бастауыш сынып оқушыларына, достарына, туысқандарына өз Отанының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, оның ішінде ерекше көзге түсетін күмістен жасалған зергерлік бұймдарын бағалауға, олардың емдік қасиеті бар екенін танып, қазіргі заманда қолданылуы мен ерекшеліктерін тани білуге үйрету, ата-бабамыздың ежелде сақталған дәстүрлерін сақтау мәселелерін қарастырды.

Кіріспе

Менің үш сіңлім бар. Солардың құлағын тескенде әжем күмістен сырға әперіп тағады. «Әжетай, сіз неге бізге күміс сырға тағасыз, алтынға ақшаңыз жетпей жатыр ма? —деп мен әжеме сұрақ қойдым. Әжем «күміс әшекейлердің тартымды, сыйқырлы және емдік қасиеті бар» деген жауабы мені қызықтырды. Әжемнің айтуынша күміс адамды тазартып, ғұмырын ұзартады. Ал мұсылман дінді ер адамдар күміс сақинаны Мұхаммбет пайғамбардың жолы деп тағатын болған. Өйткені Мұхаммбет пайғамбардың ер адамдарға алтын емес, күміс жүзік салыңдар деген уәжі болған. Бұл ер адам от ағасының денсаулығы мол болсын деген сөз шығар.

Қазақша «күміс», орысша «серебро», немісше «зильбер», ағылшынша «сильвер» осы сөздердің барлығы ежелгі «сарпа» сөзінен шыққан, ол Ай дегенді білдірген, және анология бойынша жартылай ай — ежелгі адамдардың қаруының пішіні жарты ай тәрізді болған.

Зерттеуімнің өзектілігі: Халқымыздың күмістен жасалған сәндік бұйымдарын зерттей отырып, оның емдік қасиетін, адам денсаулығына маңызын және тәрбиелік мәнін білу, ұлтымыздың салтын сақтау және мақтан тұту
Зерттеуімнің мақсаты: Қазақтың күмістен жасалған зергерлік өнеріне сүйіспеншілігін арттыру арқылы оның емдік қасиеттерін ұғымдыру
Зерттеуімнің әдіс-тәсілдері: Электрондық ресурстар және басылымдарды талдау, эксперимент жасау, пікірлесу, сауалнама жүргізу, қорытынды жасау
Зерттеуімнің жаңалығы: Қазақ халқының күмістен жасалған сәндік бұйымдарының пайдасы, маңызы туралы біле отырып олардың көптеген адам баласына емдік қасиеттерінің барын ұғындым.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады

1.1.Күмістің сипаттамасы

Күміс (латынша Argentum), Ag — элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 47, атомдық массасы 107,88 ақ түсті металл, электр тоғын, жылуды жақсы өткізеді.Оның басқа металдармен қорытпасы зергерлік бұйымдар жасауда, медицинада күміс препараттары (күйдіретін, микробтарды жоятын, т. б.), кино және фотоөнеркәсібінде, химия, электртехникалық және электрондық өнеркәсіптерінде, т. б. қолданылады. Қазақстанда Бозшакөл, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Бақыршық, т. б. кен орындарында кездеседі.

Күміс өте ерте заманнан бастап адам тұрмысында пайдаланылып келеді. Таза күміс ірімей жақсы соғылады және сымға салып жіңішкерте отырып созуға да ыңғайлы. Таза күміс жай қарағанда да көрікті. Сондықтан қазақ зергерлері ең таза күміс деп жамбы күмістерді ұстайды. Жамбы деп қорытылып құйылған кесек күмістерді атайды. Жамбының үлкендігі мен формасына қарай, қазақ арасында белгілі алты түрлі атауы бар. Оларды үлкенінен бастап айтқанда; «бесік жамбы», «ат бас жамбы», қой бас жамбы«, «тай тұяқ жамбы», «қой тұяқ жамбы», «асық жамбы» деп атайды. Халқымыздың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Қазақтарда зергерлік өнер ұрпақтан- ұрпаққа беріліп, өнер құпиясы мұқият сақталған. Зергерлер мен темір ұсталары сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын металдан, күміс пен мыс, темірден жасады. Бұл өнердің техникалық және сәндік бұйымдар жасау түрінің басы қола дәуірінде б. з. д. II ғасырда, өмір сүрген сақ-сарматтардың дәстүрінен және үйсін, кангуй, ғұн өнерінен басталады.
1.2 Күміс бұйымдарының емдік қасиеті

Қазақтың әшекей бұйымдары — халықтық қолданбалы өнеріміздің ғана емес, бүкіл ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы. Зергерлер көбіне бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы — күмісті пайдаланды. Қазақ зергерлері күмістің жалтыраған түсін, әртүрлі пішіндер жасауға қолайлығын шебер пайдалана біліп, оған әртүрлі техникалық тәсілдерді пайдалана отырып, нақыштау, сіркелеу, ойып күмістеу сияқты шеберліктерді меңгерді. Зергерлер күмісті кенінен қолданған. Күмістің тартымды, сыйқырлы қасиеті бар деп есептелінген. Күмістің тіл-көзден, түрлі сырқаттан сақтайтын, тазартатын қасиеті бар деп сенген. Сондықтан да үй шаруасындағы әйел ас қамдаса да, бала шомылдырса да қолынан күміс жүзігін алмаған.

Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда оны адам иммунитетін көтеруге қолданса, Египетте жараға жабыстырған. Ал, Ресейде шіркеулердегі күміс қосылған суды киелі деп санайды.
Мен мектептегі химия кабинетінің зертханасында судағы күмістің иондары барына эксперимент өткіздім. Тазартылған суға күміс жүзікті малып қойдым. Үш күннен соң суды зерттеу арқылы күмістің иондары бар екенін дәлелдедім. Бұл зерттеу маған өте ұнады, өйткені мен келешекте дәрігер болғым келеді.

Күміс қосылған су, ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам, ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады.

Қазақ халқының зергерлік әшекей бұйымдары ата-бабаларымыздың ұлттық қолөнер мәдениетін паш ететін асыл мұрасы, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің айнасы ғана емес, тұнып тұрған тәлім мен тәрбиенің сыр сандығы екендігін осыдан көруімізге болады.

Мен күміс әшекей тағатын апайларымызбен сұхбаттасу барысында күмістің соншалық шипалығы туралы білдім (білезік киетіндер) артериялық қысымды төмендетеді, асқазан-ішек жолдарын тазартады, (алқа тағатындар) қалқанша безді емдиді (щитовитка) тағы басқа.

Қазіргі уақытта осы бір салт-дәстүр қайта айналып өмірге енсе қандай тамаша болар еді. Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойынша, ас адал болуы үшін оны дайындайтын, дастарханға қоятын, шай құйып беретін әйелдің саусағында міндетті түрде күмістен жасалған сақина болуға тиіс. Қазақтар арасында «Күміс сақинаны сәнге салмайды, ол — тазалыққа таразы» деген нақыл сөз бар. Бұл сөздің төркіні сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық та қызмет атқаратынын аңғартады. Бұрынғы әр қазақтың отбасында қазан көтеріп, ас дайындаған кез-келген әйелдің қолында күміс сақинасы немесе жүзігі болмаса, оның қолынан ас ішпейтін болған. Өйткені күмістің өте күшті табиғи антисептикалық қасиетін, жұқпалы аурулардың алдын алуда пайдасы зор екендігін қазақ халқы ертеден-ақ білген. Дана халқымыз сақина соғылатын күміс, алтынның таттануға ұшырамайтынын, олардың судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізетінін, денсаулыққа жағымды әсер ететінін тым ерте байқап, білген. Заманында жас келіншектер нәрестесін шомылдырарда, жаялығын жуарда, тамақ дайындарда ауылдағы қарт әжелер: «Қолыңа күміс сақинаңды салып ал, ол тазалыққа, адалдыққа жақсы», — деп ескерткен. Нәрестені қырқынан шығарарда оны шомылдыратын суға күміс теңгелерді немесе күміс сақинаны, білезікті салған. Сәби шомылдырылып болған соң сол бұйымдар сәбидің кіндік шешесіне берілген. Бұл — зергерлік заттар сәбиді қырқынан шығарушы әйелдерге арналған сыйлық қана емес, халқымыздың асыл заттардың қасиетін білгендігінен қалыптасқан дәстүр. Күмістің өзіндік әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті-де көп. Емдік қасиеті қазіргі медицинада дәлелденген. / дәрігермен сұхбаттасу

Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам, ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Ал қазақ халқы күмістің пайдасын қағазға қаттап жазбағанымен күнделікті өмірінде біліп қана, тыныш өмір сүріп жүре берген. Қазақтар күмістің емдік қасиетінің молдығын біліп, күмістің тістің қызыл иегін зақымданудан сақтайтынын, түрлі бактерияларды жойып, асқазан-ішек жолдарын тазартатынын білген.

Сондықтан халқымыз күміс әшекейлерді тек әдемі әшекей ретінде емес, денсаулыққа пайдалы жағында көбірек ескеріп тұтынған. Мектеп ішінде, туысқандарымның арасында 42 әйел адамдардан орыс және қазақ тілдерінде сауалнама алдым. Соның талдауы бойынша әшекейлік бұйымдар әйел адамдарының баршасына ұнайды. Оның ішінде алтыннан жасалған әшекейлерін 56 %, күмістен 44% тағады екен. Ал күмістің емдік қасиетін білетін адамдарға келсек, онда 89 % біледі екен соның ішінде денсаулыққа пайдалы себебімен 38 % тақса 62 % сәндік ретінде пайдаланады.

САУАЛНАМА

1. Сізге әшекейлік бұйымдар ұнай ма?
а/ иә
ә/ жоқ
2. Әшекейлеріңіз қандай металлдан жасалған?
а/ алтын
ә/ күміс
3. Күміс әшекейлерді тағасыз ба?
а/ иә
ә/ жоқ
4. Әшекейдің қай түрін тағасыз?
а/ сырға
ә/ жүзік
б/ білезік
в/ басқа
5. Күміс әшекейлерде емдік қасиеті бар екенін білесіз бе?
а/ иә
ә/ жоқ
6. Күміс әшекейлік бұйымдарды не үшін тағасыз?
а/ сәндік
ә/ денсаулыққа пайдалы

1. Нравятся ли Вам ювелирные изделия?
а/ да
ә/ нет
2. Из кокого металла сделаны Ваши украшения?
а/ золото
ә/ серебро
б/ бижутерия
3. Предпочитаете ли Вы украшения из серебра?
а/ да
ә/ нет
4. Какие серебрянные украшения Вы носите?
а/ серьги
ә/ кольцо
б/ браслет
в/ другое
5. Знаете ли Вы о лечебных свойствах серебра?
а/ да
ә/ нет
6. Для чего Вы носите украшения?
а/ для красоты
ә/ полезно для здоровья

Қорытынды

Қазақтың басынан қаншама қилы кезеңдер өтсе де, зергерлер мен олардың шебер қолдарының табы болған атадан балаға мирас болып қалған киелі өнер өз орнын табуда және таба бермек. Бүгінгі таңда қазақтың дәстүрлі өнерін, оның мәдениеттанулық негізін көрсете білуіміз қажет. Күміс әшекейлерінің жоғарыда айтып кеткен емдік қасиеттерін, пайдасын негізге ала отырып, адамзат денсаулығын жақсартуға қолдану керек деп ойлаймын. Қазір кез келген кішкене баладан кәріге дейін сұрасаңыз «ауыратын жерім жоқ» дегенді айтатындар аз. Балалар туғаннан қан қысымы, бас ауруы, жүрек ауруларымен туылады. Сондықтан да келешекте ана болатын қыз балалар,
жас аналар әжелеріміздің дәстүрін сақтап, әшекей бұйымдарының ішіндегі күмістен жасалған бұйымдарды тағып жүрсе ғой деп қалаймын.
Егер менің ұсынысымды қабыл алсаңыздар, адам баласының денсаулығына қауіп болатын аурулардың алдын алуға қосқан үлесім осы болар деп ойлаймын.
Ұсыныстарым:
1. Күмістен жасалған бұйымдарын сәндік ретінде ғана емес денсаулыққа пайдалы ретінде тағу;
2. Инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатымен балабақшаларда, шағын орталықтарда бүлдіршіндердің ойыншықтарын «күміс» сумен жуу;
3. Елімізде күмістен жасайтын әшекейлерінің шеберханалары көбейсе деймін

Пайдаланған әдебиеттер
1. «Мектептегі ғылыми жұмыс» журналы, 2011 жыл № 2
2. «Күміс әшекейлері» кітабы
3. «Көне ырымдар» «Солтүстік Қазақстан» газеті, 2009 жыл № 7
4. «Қазақ халқының ырымдары» кітабы, 2009
5. Сөздіктер
6. «Зергерлік бұйымдар» Энциклопедиясы
7. httpsss://baq. kz сайты
8. httpsss://kk. wikipedia. org/wiki/Күміс сайты

Ем

Алдын алу

1.

Артериялық қысымды төмендетеді

Бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады

2.

Ревматизм ауруын жеңілдетеді

Күмістің өте күшті табиғи антисептикалық қасиетін, жұқпалы аурулардың алдын алуда пайдасы зор

3.

Күміс ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады.

 

4.

Күміс тістің қызыл иегін зақымданудан сақтайды

 

 

5.

Асқазан-ішек жолдарын тазартады

 

6.

Асқазан мен ішек жолдарындағы ауыруларды емдейді

 

7.

Жүрек пен жүйке жүйесін қалпына келтіреді

 

8.

Бас ауырғанын басады

 

9.

Қалқанша безді емдиді (щитовитка)

 

 

Категория: