Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Қазақ драма театры

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Петропавл қаласы, №21 орта мектептің ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ағатаева Әсем Мұратбекқызы

Қазақ драма театры

Сабақтың мақсаты:

«Театр» тақырыбының мәнін ашу, ой-өрістерін кеңейту, білімдерін тереңдету.

Сөздік қорларын байыту. Сұрақ-жауап арқылы сөйлесу, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сауатты жазуға үйрету. Қаламыздағы мәдени орындарын білу, тану, қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Көрнекілігі: Суреттер, оқулық

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру қезеңі:

  • Сәлемдесу
  • Кезекшінің міндеті

ІІ Үй жұмысын тексеру:

  • Опера және балет театры мәтінінен 3 етістікті райларға түрлендіру, оқушылар жазғанын оқып береді.

Жаңа сабақ:

— Оқушылар, біз бүгін сендермен «Қазақ драма театры» туралы әңгімелесеміз. Бір-бірімізге сұрақтар қоямыз, жауап береміз. Ал, енді, балалар, театр деген сөзді естігенде, ойларыңа қандай сөз келеді. Өз сөздерімізді жазайықшы.

Театр

Оқушылар ойларындағы сөздерді бір-бір оқушыдан тақтаға шығып жазады, ауызша сөйлемдер құрады.

  • Жақсы балалар, біз мәтінмен таныспас бұрын, жаңа сөздермен таныс болайық.сөздерді қайталау, оқу, сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.
  • Мәтінмен жұмыс. Мәтін орысша берілгендіктен, мәтінді қазақшаға аударып, тақтаға шығып жазамыз. Қалғандары мәтінді дәптерге көшіреді. Мәтін бойынша (топпен жұмыс) 3 топ бір-біріне сұрақтар қояды. Сұрақ-жауап арқылы сөйлесу.
  • Ал, енді балалар біздің қаламызда қандай театрлар бар?
  • Театрларда не жүреді?
  • Қуыршақ театрына кімдер барады?
  • Мынау қандай театр? (Суретпен жұмыс)
  • Бұл театрдан не көруге болады?
  • Сен бұл театрға бардың ба?
  • Театр саған ұнады ма?
  • Театр несімен ұнады?

Біз өткен сабақта етістіктің райларын өткен болатынбыз. Енді сол грамматикалық тақырыпты бүгін бекітейік. Мәтіннен етістіктерді теріп алып 3 райға түрлендіріп айту.

  • 3 тапсырманы (оқулықпен жұмыс) тақта алдында бір-бірлеп шығып, жазбаша орындау (дәптерлеріне жазу).
  • 4 тапсырма бойынша сөз тіркестерімен ауызша сөйлемдер құрау.

Сабақты қорытындылау:

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.

  • Сонымен Алматы қаласында қандай жерлер көп екен?
  • Қалада не бар?
  • Қандай театрда болдың?
  • Мұнда қандай қойылымдар жүреді?
  • Қандай спектакль көрдің?
  • Актерлердің ойыны ұнады ма?
  • Олар қалай ойнады?

Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау.

1 топ: Погодин театры туралы баяндама жасау.
2 топ: Қаламыздағы театрлар туралы буклет жасау.
3 топ: Петропавл қаласындағы театрлар туралы альбом жасау.

Сабақты бағалау.

Сау болыңдар!

Категория: