Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Баланы еркіндікке тәрбиелеу арқылы өзіне-өзі қызмет көрсетуге баулу

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Тажибаева Зилола Султановна, КМҚК «Мерей» балабақшасы. Қарағанды қаласы

Тажибаева Зилола Султановна

Өзіне-өзі қызмет көрсету балаларда кішкентай кезінен басталады. Балалардың бойында осы еңбек түрі қалыптасуы үшін педагогтардың жұмысы бағдарламаға сай нақты, қалыпты дамуы қажет. Бұл жүргізілетін жұмысқа нақты міндеттер қойылады яғни балалардың бойында жақсы дамып қалыптасады.

Балаларда бұл еңбек түрі өмір бойға қалу үшін 2-3 жастарынан бастап бейімделеді. Күнделікті берілген еңбек жұмыстарын балалар орындап отырса, онда олардың басқада еңбек түрлеріне деген қызығушылықтары артады. Балалар осы еңбек түрін орындай отырып еңбектің қасиеттерін және еңбектің басқада адамдарға қажеттігін түсіне бастайды яғни оларға әр адам жұмыссыз жүрмеу керектігіне көздерін жеткізеді.

Егерде балалар қарапайым еңбектің міндеттерін орындаса, олар өздерін үлкен адамдар қатарында екендіктерін сезінеді. Осы еңбек түрі арқылы балалар өздеріне деген үлкендердің көзқарасын түсінеді.Сондықтан өзіне-өзі қызмет көрсету еңбек түрі баланың ішкі дүние қасиеттерін толықтыра отырып біреуге пайдалы екендігін біледі. Өзіне-өзі қызмет көрсету- бұл күнделікті дене күтімі, бәрін ретке келтіріп ұстау, гигиеналық талаптардың міндеттерін білу.

Балалардың бұндай еңбек түріне көңіл бөлу үшін балабақшадан және жанұядан үлкен еңбек жұмысын қажет етеді. Бұл еңбекті іске асыру үшін баланың алдына үлкен мақсат қойылады, яғни ол мақсат балаға ұғымды және өміріне қажетті болу керек. Өзіне-өзі қызмет көрсету еңбек түрінің нәтижесіне жеткен бала, көрнекі дәлел яғни өз алдына болашақтың іскерлік жолына есік ашады; киіндінбе-қыдыруға баруға болады, ойыншықтарды жинадын ба сабақ оқуға отыруға болады.

Өзіне қызмет көрсете отырып бала дене және ақылы жағынан дамығанын байқатады. Үш жастағы бала үшін осы процесстін барлығы тартымды, себебі процесстер баланың өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар.

Сәбилер тобы

Бұл топта тамақ ішіп, жуынуға, шешініп, киінуге үйрету қажет. Алға қойған мақсатқа жету үшін үлкен шыдамдылықты қажет етеді.1,5 жылда осы еңбек түрінің нәтижесін көруге болады. Жуындыру кезінде баланы ұялтпау керек. Бірінші кездері балаға қарағанда белсенділімді көрсетемін. Баланы жуындыруға әкелгенде: «Сен өзін жуын, ал мен саған көмектесем, сенің қолдарын кір» деп көмегімді толық көрсетпей әдемі, таза жуғызтамын. Балаларды жуындыруға үйрету біртіндеп жүреді. Бірінші күндері қарапайым тәсілдерді көрсетіп түсіндіремін /қолды сулау/, екі айдан кейін жуынуға деген тұрақты білімдері қалыптасады, сондықтан талаптар күрделенеді. Мысалы: женін түру /бірінші үлкеннің көмегімен/. Осыларды үйреткеннен кейін жуынуға деген талаптарды одан әрі күрделендіреміз. Сонымен қатар орамалды қалай ілу керектігін үйрете бастаймын: орамалды қалай ұстауды, сүртінуді көрсетемін. Кім дұрыс істесе сол баланы мақтаймын. Жуынып болғаннан кейін балалардың көңілдерін өздерінің үстеріне аударамын, қандай таза, әдемі екендіктерін айтамын. Себебі сәби балалар өздері жеткен мәртебелеріне көңіл аударғанда қуанады. Ең маңызды мәселе сәби балалар гигиеналық талаптарды түсіне орындаулары керек. Ол үшін іс- тәжірибе жүзінде көрсетілген дағдылар түсіндіріліп отыруы керек. Балаларда столға таза, жуылған қолмен отыруды әдетке айналдыруым қажет. «Сен неге ойынан кейін қолынды жумадын, майлылықты таза емес қолынмен қалай ұстайсын. Қолынды барып жуып кел, ал біз содан кейін сенің қолын таза ма, жоқпа соны қараймыз».

Өзіне-өзі қызмет көрсетудің балаларда жуыну кезінде дұрыс нәтижесіне жету үшін балаларда іс-тәжірбиенің деңгейін ескеру қажет. Балаларға үлкендердің бақылауы, есіне түсіруін қажет етеді. «Қараңдаршы Айдын қалай жуынып, сүртінеді». Басқа балалар оған ұқсағылары келіп талпынады. Мәдени- гигиеналық әдеттер балаларда тамақ ішу кезінде қалыптасады: өз бетімен және таза тамақ іше білу,қасықты дұрыс ұстай білу т. б.

Естиярлар тобы

Бес жастағы балалар алдынғы топтағы дағдыларды бекітіп, оданда күрделі дағдыларды үйрету болып табылады. Осы топтын балалары жуынү, киіну, тамақ ішу дағдыларын үлкеннің көмегінсіз өздері орындай алады. Бірақ бұл дағдылар негізгі болып қала береді. Іс — тәжірбие кезінде бұл жастағы балалардың ішінде системалық жаттығудың арқасында тазалық пен ұқыптылыққа үйренгендері аз емес. Орта топқа келгенде баланың мінез-құлқы міне мынадай болады. Сұлтан қол жуғыштын жанына жылдам келіп жейдесінің жеңін түріп, қолын сулады, содан соң қолын сабындап, сумен шайып тастады. Қолын жуғаннан кейін, бетін жуып, сүртінуге орамалға барды. Бұл жастағы балалар өзіне-өзі қызмет көрсетудің негізгі дағдыларын істей алатындықтан, олардың алдында киіну кезінде бір-біріне көмек көрсету мақсаты қойылады. Бұл дағды күнделікті қолдануды қажет етеді және әрдайым болады.

Мысалы: мойын орағышты артынан тағы, көйлектің артқы түймесін тағу, шашбауды шешу, тағы басқа. Кейбір балалар қолғапты киіп алғаннан кейін, аяқ киімнің бауын тағуға және оны киуге қиналады. Көп балаға бұл жаңа дағды болып көрінеді, яғни оны үйрену керек. Мен балаларды осы дағдыға сабырмен үйретуім қажет:қалай істеу керек, яғни балалар өздері осы дағдыны істей алулары керек.

Зерттеулер көрсеткендей қыз балалар осы дағдыны тезірек қабылдайды. Себебі қуыршақпен ойнаған кезде осы дағдыларды меңгереді. Ойын кезінде қуыршақтың көйлегінің түймесін тағады, бауын байлайды тағы басқа дағдыларды істей отырып қолдарының бұлшықеттерін жаттықтырады.

Менің мақсатым — жұмыс барысын басқару. Осы жұмысты істей алмайтын балаларға дағдыларды толық меңгеріп жұмыс істей алатын балалардың көмектесуіне үйрету және дағдыландыру. Құрдасына көмек көрсетуді барлық балаға үйретуге тырысу керек, кейбір балалар басқаларға қарау арқылы үйренеді.

Мектепке даярлық тобы

Мектепке даярлық топта өзіне-өзі қызмет көрсету еңбек түрінде дағды түрлері орта топқа қарағанда күрделенеді. Тәжірбие кезінде бұл топтағы балаға ең жақын тұрмыстық еңбекпен шұғылдануға көп көңіл бөлінеді. Бұл өте маңызды, себебі балада өзіне-өзі сенімділік пайда болады,үлкендерге көмектесіп отырғандарын түсінеді, сонымен мектепке,өмірге қажетті күрделі дағдыларды үйренеді.

Әр тәрбиеші бұл топта өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуді ары қарай жалғастырады, бірақ бір ерекшелігі күрделі тапсырмаларды дұрыс орындауды іске асырады, сонымен қатар оны жақсы қалай керектігін көрсетеді. Бірақта тәсілді балаға деген оңай қамқоршыл еңбекке айналдырмау қажет. Баланың жұмысын бақылай отырып, оны өзін-өзі тексеруге үйрету қажет. Берілген міндеттерді жақсы орындадыма, әр жұмысты таза және ұқыпты істедіме, балалардың ішінде қайсысы өзіне берілген тапсырманы тез және өз қуатын көп жұмсамай орындайтын баланы тәрбиеші анықтау керек. Бұл топта тек кішкентай балаларға ғана емес, өзінің құрдастарына, үлкен адамдарға да көмек көрсете білулері керек.

Осы топта көмек көрсетуді толығымен үйрету үшін тәрбиеші балаларға қандай кезде көмек көрсетілетіндігін балаларға айтуы қажет:

1. Егерде сенен көмек сұраса /оған бір жұмысты істеу қиын немесе істей алмаса/
2. Басқаларға ықыласпен қара: кімге көмек керектігін байқап жүр.
3. Кішкентай балаларға және құрдастарынға ақкөңіл, қамқор бол.
4. Өзін дербес болуға тырыс, егерде біреудің көмегіңсіз дербес бола алмайтыныңды сезсең, біреудің көмегін қабыл ал.

Сонымен қатар заттарға ұқыпты болуға үйрету ары қарай жалғастырылады: киімді, аяқ киімді тазалау, ойыншық сынып қалса істеу, кітап жыртылып қалса желімдеу. Үлкендер күнділікті балаларға киімді, аяқ киімді қалай күту керектігін айтып отырулары қажет, айтып қана қоймай, не үшін екендігін түсіндірулері қажет. Міне осыдан балаларда заттарды қалай ұстау керек, күту керек ұғымы қалыптасады.

Балабақшада өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын ұйымдастыру және тәрбие беру нәтижесі, педагогикалық басшылық дұрыс болу керек. Себебі үлкен адам өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын ұйымдастырады, яғни онда тек бір бала емес барлық топ балаларынын қатысуын қадағалайды. Сонымен қатар осы еңбек түрін үйрете отырып біртіндеп еңбектің үйрету міндетін күрделендіре отырып және де осы еңбек түрі балаларды тәрбиелеудің негізі болу керек. Сондықтан міндетті түрде шындап, қадағалап жұмыс істеу қажет. Балалардың бойында ұқыптылық, жинақылық, дербестік, белсенділік тағы басқа қасиеттер қалыптасуы қажет.

Өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегінің ең негізгі әдіс-тәсілі: қарапайым тәсілдерді тәрбиешінің өзі көрсетуі керек. «Аружан қарашы мен қалай жуынамын, ең бірінші жейдемнін женін түремін, сосын қолымды сулаймын. Міне осылай.»-айта отырып көрсетемін. Балаларды жаңа еңбек түрімен таныстыру үшін еңбектің бөлшегіне тоқталу қажет етеді және қимылды егжей-тегжейін көрсету керек. Шешуші мағынаны баланың белсенді мінез құлқы көрсетеді яғни берген тапсырмамды баланың тәжірбие жүзінде асыруы керек. Баланың белсенді мінез құлқынсыз ешқандай еңбек түрін үйрету мүмкін емес. Мен балаға қанша көрсетсемде, баланың белсенділігінсіз ешқандай нәтиже болмайды. Балаларды киінуге, ойыншықтарды жинауға үйрету кезінде маңызды нәрсе, өзім қолданған әдіс-тәсілді өзгертпей бірізділікті сақтауым қажет. Осы мақсатты сақтай отырып тек бір ғана балаға тапсырма бермей, тапсырманы барлық балалар орындауы қажет.

Мен өз мақсатымға жетемін, егерде балаларға берген тапсырмамды балалар ұмытқан жағдайда қайталап көрсете берсем. Себебі өзіне-өзі қызмет көрсету еңбек түрі басқа дағдылар сияқты біртіндеп қалыптасады. Балалар таза және ұқыпты жуыну, киіну үшін балалар оны қалай істейтіндігін түсіну керек.

Содан кейін оларды күнде жаттықтыру ләзім. Біршама уақыттан кейін балаларда қажет дағдылар мен тұрақты белсенділік пайда болады. Мысалы: кейбір балаларға ол үшін көп уақыт қажет, ал кейбіріне аз уақыт. Дағдыны бір тұжырымға келтіру кезінде мен көрсету мен қатар сөзбен айтуға көшімін. Егерде осы тәсілді бірге қолдансам балаларда дағдыларды бекітуге, нақты қимыл қозғалыстарды үйренуге және де менің айтқан сөзіме қарай жұмыс істеуге үйренеді. Кейінірек өз түсіндіргеніме мынадай жалпы мінез қосам. «Мен қазір кім шкафқа киімін дұрыс ілгенін қараймын?»,
«Мойын орағышты түзу тақ, мен саған қалай үйретіп ем?», естеріне түсіріңдерші құрылыс материалдар жәшегін қалай жинаймыз?

Осындай жалпы еске түсірулер балалардың ақыл ойын дамытады, қандай дағдыда қандай қозғалыстарды қолдану қажет екенін біледі. Жалпы түсіндіру әдісі мынандай кезде қолданылады: егерде бір бекітілген дағды бойынша берілген тапсырма кезінде. Балалардың жұмыстары үлкен бақылауды қажет етеді. Осы әдістерді қолдану барысында әр тәрбиеші балалардың алдына қойған мақсатқа жетуіне және осы әдістердің орындалуына жақсы көңіл бөлу керек. Егерде берілген тапсырма балаларға таныс емес болатын болса, онда менің әр әдісті түсіндіруді және іс- тәжірбие жүзінде көрсетуді қажет етеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Балабақша және отбасы журналы 2005 жыл № 9
2. Бала балабақшада журналы 1999 жыл № 5
3. Балабақша және отбасы журналы 2000 жыл № 3
4. Воспитание навыков и привычек у дошкольников 1989 жыл.