Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Ардагерлерге деген ҚазҰУ қызметкерлерінің құрметі

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Ibrayeva Zhanar Kulmatovna acting professor,
Nabiyeva Gulnaz Serikkyzy teacher,
Zhaksylykkyzy Karlygash teacher,
Department of General Linguistics and European Languages of the Faculty of Philology of the al-Farabi Kazakh National university

Ардагерлерге деген ҚазҰУ қызметкерлерінің құрметі

Қазақ жерінде Ұлы отан соғысына қатысы жоқ отбасылар кем де кем шығар. Отбасылық мұрағаттарда майдан даласындағы суреттер, газет беттеріндегі естеліктер, ордендер мен медальдар әлі күнге дейін сақталуда. Қайтпас қайсарлық, ерлік пен ержүректілік көрсеткен жандардың көбі кетіп, азы қалды. Дүниеден озса да, отаны үшін жасаған ерліктері мәңгілікке ел есінде қалары сөзсіз.

Ұлы отан соғысы ардагерлері мен еңбек ардагерлерінің саны күн санап азаюда. Зұлмат заманды бастан кешіп, елі мен жері үшін соңына дейін күрескен ардагерлерді ардақтау бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне үнемі қолдау білдіріп, көмек көрсетіп отырады. Пандемия жағдайына қарамастан, аталмыш дәстүр биыл да жалғасын тапты. Жеңіс күніне орай ҚазҰУ ректоры, ф.ғ.д., профессор Ж. М. Түймебаевтың тікелей тапсырмасымен университеттің Тәрбие жұмысы департаменті «Ардагерлерге құрмет» атты қайырымдылық акциясын өтті.

Ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы аясында 121 Ұлы Отан соғысының, тылдағы еңбек майданының, Ауған соғысының ардагерлеріне және университет ақсақалдар кеңесінің мүшелеріне арнайы азық-түлік себеттері мен қаржылай көмек табысталды. Факульттерден тағайындалған жауапты тұлғалар санитарлық нормаларды сақтай отырып, әрбір ардагермен кездесіп, жағдайын сұрап, сұрапыл соғыс жылдарындағы естеліктерін тыңдап, университет тағайындаған көмекті арнайы табыстады.

Бүгінгі бейбіт аспан астындағы өміріміз кешегі батыр бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін жас ұрпақ білуі тиіс. Отанын қорғау елдің әр перзентінің азаматтық борышы болып табылады.

Категория: